Қазақстан Журналистер одағы Абай облыстық филиалының ұйымдастыруымен өңірдің БАҚ өкілдеріне арналған тимбилдинг өтті, деп хабарлайды Tura18.kz.
Филиал директоры Хасен Молдабаевтың бастамасымен жүзеге асқан шараға отыздан астам журналист қатысып, оның ішінде бірнеше әріптес одаққа мүшелікке қабылданды.
Көкпекті аудандық «Жұлдыз-Новая жизнь» газетінен бұл жиынға екі адам, яғни газеттің бас редакторы Фархат Таянкенов пен жарнама бөлімінің менеджері Сара Таныбаева қатысты.

Фархат Маратұлы Қазақстан Журналистер одағының «Құрмет» грамотасымен марапатталып, арнайы сыйлыққа ие болды. Осындай әсері мол кездесуге демеушілік көрсеткен «Он жеті ақын» қоғамдық қорының директоры Асхат Асайынұлының азаматтық танытқаны көңіл қуантады.
Семей қашанда мәдениет пен руханияттың ошағы болғандықтан, дәл журналистерге түсетін салмақ ауыр. Хасен Советханұлының журналистердің басын қосуы бұл сала майталмандарын үлкен белестерді бағындыруға шабыттандыратыны сөзсіз.
Әмір Бек

















