Сайт туралы

Біздің сайт — тәуелсіз, бейтарап әрі заманауи көзқарасты ұстанатын қоғамдық-саяси платформа. Негізгі мақсат — қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік, саяси және құқықтық процестерге терең талдау жасап, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосу, мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу.

TURA18.KZ:
• Ашықтық пен шынайылыққа негізделген журналистиканы қолдайды;
• Билік пен қоғам арасындағы диалогты нығайтуды көздейді;
• Сыни ойлау мен азаматтық белсенділікті дамытуға ықпал етеді;
• Оқиғаларға тек жалаң жаңалық ретінде емес, сараптамалық тұрғыдан қарайды;
• Жаңа медиа құралдарын тиімді пайдалана отырып, ақпаратты қолжетімді әрі тартымды түрде ұсынады.
Сайт форматы:
• Жаңалықтар, сараптамалық мақалалар, сұхбаттар, арнайы репортаждар, деректі жобалар;
• Бейне және мультимедиалық контентпен сүйемелденген материалдар;
• Әлеуметтік желілермен интеграцияланған интерактивті платформа.

МИССИЯСЫ:
Маңызды қоғамдық-саяси мәселелерді ашық, объективті және жан-жақты талдап, оқырманға шынайы ақпарат ұсыну арқылы азаматтық қоғамның дамуына ықпал ету. Біз билік пен халық арасындағы ашық диалогқа дәнекер болуды, әділдік, заң үстемдігі және сөз бостандығы қағидаттарын ұстануды басты мақсат етіп қоямыз.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР