Семейдегі Абай театрында ұлы ақынның 180 жылдық мерейтойына арналған «Абай әлемі» атты әдеби-сазды танымдық кеш өтті, деп хабарлайды Tura18.kz.
Мерекелік кешті қала тұрғындары мен қонақтары ерекше ықыласпен тамашалады. Шара барысында көрермендерге Абайдың рухани мұрасы мен терең философиялық ойлары дәстүрлі өнер арқылы ұсынылды. Сахнада қазақтың дәстүрлі ән өнерінің майталмандары өнер көрсетіп, Абай шығармаларын ән мен күй арқылы жеткізді.
Кешке Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазиев, мәдениет қайраткерлері Толғанбай Сембаев пен Еркін Шүкіман, сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали, Клара Төленбаева және Гүлмира Сарина сынды танымал тұлғалар қатысып, көрермендерді рухани байытып, ерекше әсерге бөледі.

















