Семей қаласының Абай атындағы театр директорының орынбасары қызметіне Едіге Қайыртайұлы тағайындалды, деп хабарлайды Tura18.kz.
Араға он жыл салып Абай еліне, туған жеріме қайта табан тіредім. Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай атындағы театр» КМКҚ директорының орынбасары лауазымына тағайындалдым, — деп жазды Едіге Қайыртайұлы.
Абай облысының Ақсуат ауданында дүниеге келген Едіге Қайыртайұлы бұған дейін Шығыс Қазақстан облыстық Жастар театрының көркемдік жетекшісі әрі әртісі болып қызмет атқарған.

















