Көкпекті ауданында ауылдардың санитарлық жағдайын және көріктендірілуін бағалайтын «Үлгілі ауыл» байқауы жүріп жатыр, деп хабарлайды Tura18.kz.
Байқаудың басты мақсаты – ауылдарды абаттандыру, көгалдандыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Аудандық жұмыс тобы елді мекендерді аралап, арнайы бекітілген бағалау критерийлері бойынша тексеру жүргізіп жүр. Әр көрсеткіш 5-тен 10 ұпай аралығында бағаланады. Бағалау өлшемдері:
Ауыл аумағында отырғызылған көшеттердің саны мен күтімі;
Мекемелер, тұрғын үйлер мен дүкендердің сыртқы келбеті және түнгі жарықтандыру жағдайы;
Ауылға апаратын жолдар мен ішкі көшелердің сапасы және тазалығы;
Көшелердің жарықтандырылуы;
Шағын архитектуралық нысандар мен демалыс алаңдарының жай-күйі;
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және төгу орындарының жағдайы, қоқысты шығару жүйесі;
Көше бойындағы ақпараттық бағаналар мен үгіт-насихат материалдарының орналасуы мен сақталуы.
Айта кету керек, жұмыс тобы абаттандыру жұмыстарына ғана емес, сондай-ақ Абай облысының әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес, партия мүшелерімен бірге тазалықты сақтау бойынша рейдке шығып жүр.

















