Абай Құнанбайұлының туғанына 180 толуына орай Көкпекті ауданының сегіз білім беру мекемесінде жаңадан Абайтану кабинеттері ашылып, оқушылар игілігіне берілді, деп хабарлайды Tura18.kz.
Абай облысы білім басқармасының мәліметінше, атаулы кабинеттер Үлкенбөкен, Жансүгіров, Преображенка, Көкжайық, Пушкин атындағы орта мектептерде, сондай-ақ Романовка, Куйбышев және Әуезов негізгі мектептерінде ашылды. Барлық кабинет заманауи талаптарға сай жабдықталып, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттайтын стендтер, кітаптар, мультимедиялық құрылғылар және оқу-әдістемелік материалдармен толықтырылған.
Кабинеттердің ашылуына мектеп ұжымы бастама көтеріп, жергілікті демеушілер қолдау көрсетті. Бұл — жас ұрпақтың Абай мұрасын терең тануына және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіне бағытталған маңызды қадам.

















