Бірыңғай конкурстық комиссияның шешімі негізінде Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай атындағы театр» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры болып Сарсебаев Нартай Сауданбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды Tura18.kz.
Нартай Сауданбекұлы 1977 жылы 22 қарашада Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Нарынқол ауылында дүниеге келген.
Ол — кино және театр актері, жазушы, драматург, аудармашы, тележүргізуші, сондай-ақ, дубляж актері.

















