• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
06.10.2026, 19:31
TURA18.KZ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
KZ | RU
  • Билік және қоғам
    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ “КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ҚОСЫЛДЫ

    Информация о конкурсе присуждения Премий для НПО

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Басқа
    • Медицина
    • Спорт
    • Өнер мен мәдениет
    • Құқық пен әділет
    • Туризм
    • Фоторепортаж
    • Бейнемедиа

Мұқаба Жаңалықтар Аймақ тынысы

Жүз ән, алты сағат: Абай елінде тарихи рекорд тіркелді

Redaktor
11.06.2026, 14:31
Аймақ тынысы, Жаңалықтар, Өнер мен мәдениет
Фото: Семей қаласы әкімдігі

Фото: Семей қаласы әкімдігі

5
қаралым
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

Қазақтың дәстүрлі ән өнері тағы бір тарихи белесті бағындырды. Шәкәрім университетінің «Өнер» кафедрасының оқытушысы, университеттің құрметті профессоры, мәдениет саласының үздігі, дауылпаз дәстүрлі әнші Қайрат Қабышев дүниежүзілік рекордтар кітабына енді.

Фото: Семей қаласы әкімдігі

«Иә, сәт!» деп бастадық та, тарихи сәтке куә болдық. Бір қарағанда, қас қағым уақыт. Ал шын мәнінде, табандатқан алты сағат бойы бір деммен, үзіліссіз әрі іркіліссіз шапты. Шапқан сайын табаны қызған тұлпардай ауыздығымен алысқан күйі көбеден көріне бастады. Әуелгі меже 100 ән еді. Ең сойқаны сол – табаны күректей алты сағат отырған орнынан тапжылған жоқ. Я нәр сызған жоқ я дәретке шыққан жоқ. Осы кезде рекорд комиссиясының зәресі ұшты. Комиссия: «Әуелі сіздің денсаулығыңызға, бас амандығыңызға алаңдаймыз, екіншіден сізде 15 минут үзіліс алуға мүмкіндігіңіз бар, тіпті тоқтату да өз еркіңізде», деген. Сондағы әншінің жауабы бұл болды: «Мен осы сәтті көптен армандадым, міне, қазір жүзге жақындап қалдым. Әлі де дәл осындай ән орындауға күш-жігерім қаптал. Елім қаумалап, шаршамай, талмай, тіпті түскі асқа да тұрмай тыңдап отырғанда мен қалай тоқтаймын», деген де зал дүрк қол соқты, бұл әншінің жігерін одан сайын жани түскен.

100 ән деген 100 түрлі тағдыр ғой. Онда махаббат, ғадауат, селдей сезім, көлдей көңіл, таудай тарих, асқақ рух, кенерінен асып төгілген ерлік дастан, ойпыр-ай санап тауысу мүмкін емес. Әнші 100 әнді қалай жанын жеп орындап шықса, 100 әнді табан аудармай тыңдап шығудың өзі аз ерлік еместей көрінді. Ән атасы Әміре Қашаубаев атындағы филармонияға жиналған жұрт, міз бақпай тыңдап бақты. Әнші қазақтың аяғы тиген күллі тарапқа шашылған ән өнерінің барлық мектептерін, халық композиторларын және халық әндерінің қамтып шықты. Алғашқы ән қалай биік деңгейде орындалса, соңға әнге дейін әнші дауысы сол биік межеден бір сәт аласармай, аспандап тұрып алғаны талайды таңғалдырғаны рас. Бір шапса тоқтамайтын тұлпардай әншінің алдынан арқан кергендей әзер тоқтады. Сонымен межелеген 100 әннен бір ән артық орындап, әнші Қайрат Қабышевқа ресми түрде рекорд сертификаты мен статуэтка табысталды. Ережеге сәйкес әр 25 ән сайын 15 минуттық үзіліс жасау мүмкіндігі болғанымен, әнші бұл жеңілдікті місе тұтпады. Осы тарихи сәтке арнайы қатысқан халықаралық Global Best of Records (GBR) ұйымының Азия және Африка дивизионы бойынша рекордтарды тіркеу жөніндегі бас офицері Қуандық Құдайберген бұл жетістіктің әлемдік деңгейдегі сирек құбылыс екенін айтты.

Бүгін жаңа әлемдік рекорд ресми түрде тіркелді. Бұл – тек бір адамның ғана емес, осы бастамаға қолдау көрсеткен тұтас ұжымның еңбегі. Сондықтан ұйымдастырушы мекемелердің де есімі 2026 жылғы дүниежүзілік рекордтар кітабына енгізіледі, – деді өкіл.

Жобаға сарапшылық жасаған – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, фольклортанушы ғалым, эпик жыршы Берік Жүсіпов, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Нұржан Жанпейісов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Еркін Шүкіман сынды белгілі өнер қайраткерлері де бұл жетістіктің тарихи сәт екенін атып ағынан жарылды. Елімізге белгілі эпик-жыршы, Берік Жүсіпов ағамыздың айтуынша бұл дәл бір ғасырдан кейін жаңарып тұрған рекорд.

Суық қандылау халықпыз ғой, қандай таңдай қағарлық жойқын жаңалық болса да селқостау қабылдаймыз. Өзге жұрт болса бөркін аспанға атып, атой салар еді. Әйтпесе, Абай елінде, қасиетті Семей жерінде қазақ ән өнерінің тарихында тұңғыш рет әлемдік рекорд орнатылды – әнші Қайрат Қабышев ересен тәуекелге барып, сахнада бір деммен, 5 сағат 29 минут ішінде 101 әнді шырқап шықты. Осыдан 101 жыл бұрын, Ташкентте әнші Құрманбек Жандарбеков 101 ән айтуды межелеп, алпыс сегізінші әнге келгенде даусы сыр беріп, амалсыз тоқтаған болатын. Сол рекорд арада 101 жыл өткенде нар тәуекелдің арқасында өз межесіне жетті, – дейді ол.

Фольклортанушы ғалымның айтуына қарағанда, әншінің мықтылығының өлшем-барометрі оның жинаған репертуары.

Бұл тарапта біз әнші Қайрат Қабышевтің репертуарының шет-шепірін көріп қалдық. Ойланбастан 101 әнді ақтара салды және соның бәрін үздіксіз, үзіліссіз, бір деммен айтып шықты. Екіншіден, ол өзінің «тап бергенде тай озар» желқаңбақ, ұшпалардың қатарынан емес, алысқа шабатын аламан бәйгеге жаратылған күлік тектес әнші екенін дәлелдеді. Үшіншіден, бұрынғы өткен әйгілі сал-серілер қас қарайған мезгілден, таң сарғайғанша – қазақ бір күн деп есеп қылатын мерзімде қанша ән айтуы мүмкін екеніне нақты тәжірибе жасау арқылы көз жеткізді. Төртіншіден, ол нағыз әнші психо-физиологиялық тұрғыда қандай тегеурінді болу керектігін көрсетіп, өзін дәстүрлі әнші санайтын өнерпаздардың құбыласына айналды. Жалпы, Қайрат бауырымыз қойған бұл рекордты қайталау немесе қайта жаңғырту – оңай шаруа емес. Мұндай тәуекелден бел кетеді немесе белбеу кетуі де ғажап емес. Бірақ, «Ер серігі – тәуекел!» деген де сөз бар емес пе? Қайрат өзінің ерекше қажыр-қайрат көрсетуінің арқасында «тәуекел» атты жел қайыққа мінді де, көзді ашып-жұмғанша өткел бермес дарияның арғы бетіне өте шықты. Міне, мықтылық дегеніміз – осы! Жалпы, мықтыны мойындау керек. Өкінішке қарай, бізге сол жағы жетісіңкіремейді. Бір-бірімізді мойындап үйренген күні бізге жететін жұрт болмайды, – дейді Берік Жүсіпов.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, әнші Еркін Шүкіманның айтуынша, арғы сал-серілер дәуірінде де, кейінгі кәсіби қазақ әншілері арасында да бір мезетте жүз ән орындап, рекордтық көрсеткіш жасаған орындаушы болған емес. Қайрат Қабышевтің осы іске тәуекел етуі – қазақ әнінің кең тынысын, қазақ әншісінің вокалдық қуатын танытатын ерекше қадам. Ол Арқа дәстүрінің өкілі бола тұра, қазақтың бес әншілік мектебінің бәрінен ән орындады. Мұнда бастысы – сан емес, сапа. Қазақ әнінің тынысы, вокалдық ерекшелігі көрінді.

Бұл қазақ мәдениеті тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға. Қайрат Қабышев екі жарым жылдан бері дайындалған үлкен мақсаттың үдесінен шықты. Дауыстың табиғи мүмкіндігін, әншілік мектептің тереңдігін дәлелдеді. Бізді ғана емес, жобаның халықаралық сарапшыларын да таңғалдырған дүние болды. Қазақ әніне әлем назарын аудартатын тарихи сәт осы, – дейді ол.

Өз кезегінде рекордсмен әнші Қайрат Қабышев бұл жетістіктің түп-тамыры ұстаздар тағылымында жатқанын тебіреніспен жеткізді.

Жәнібек Кәрменовтей дара тұлғаның шәкірті болу, Қайрат Байбосынов пен Бекболат Тілеухан сынды ұстаздардың тәлімі – бүгінгі жетістікке жеткізген үлкен мектеп. Бұл бастама менен кейінгі жастарға ұлттық өнерді насихаттауға серпін берсе екен деймін, – деді әнші.

Іс-шараның ұйымдастырушысы Абай облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасының басшысы Жанжігіт Омархан қасиетті Абай жерінде осындай рекордтың орнатылуы өңірдің рухани әлеуетінің айқын дәлелі екенін айта келе, ел абыройын асқақтатқан әншіге қазақы дәстүрмен ат мінгізетінін жеткізді.

Бақытбек ҚАДЫР,

«Egemen Qazaqstan»

Тегтер: Tura18Абай облысықазақтың әніӨнеррекордСемей

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды
Аймақ тынысы

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты
Аймақ тынысы

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады
Билік және қоғам

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?
Аймақ тынысы

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар
Аймақ тынысы

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00
Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?
Аймақ тынысы

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

30.09.2026, 11:49

Ауызсудың сапасы қалай бақыланады: оған қойылатын талаптар қандай?

30.09.2026, 11:33

Семейде жаңа Smart City орталығы пайда болады

24.09.2026, 17:03

AGRON: Қазақстанда арнайы техниканы тапсырыспен құрастыратын «виртуалды зауыт» іске қосылды

02.09.2026, 17:34

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

БІЗ ТУРАЛЫ

TURA18.KZ — тәуелсіз, бейтарап әрі заманауи көзқарасты ұстанатын қоғамдық-саяси платформа. Негізгі мақсат — қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік, саяси және құқықтық процестерге терең талдау жасап, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосу, мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Семей қаласы, 071400, Қабанбай батыр көшесі, 102

Телефон: +7 707 913 6784 (WhatsApp)

Email: info@tura18.kz

TURA18.KZ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Бізге жазылыңыздар

Яндекс.Метрика
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Билік және қоғам
  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Құқық пен әділет
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Медицина
  • Спорт
  • Өнер мен мәдениет
  • Туризм
  • Фоторепортаж
  • Бейнемедиа
  • KZ
  • RU

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған