• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Суббота, 18 апреля, 2026
TURA18.KZ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
KZ | RU
  • Билік және қоғам
    Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

    Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

    Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

    Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

    Қаланың дамуы күн тәртібінде: Семейде қандай өзгерістер болады?

    Қаланың дамуы күн тәртібінде: Семейде қандай өзгерістер болады?

    Әкім семейліктердің қолын «жылы суға малды»: биыл жазда қалада ыстық су болады

    Әкім семейліктердің қолын «жылы суға малды»: биыл жазда қалада ыстық су болады

    Семейдегі сауда нысандары қатаң бақылауға алынады

    Семейдегі сауда нысандары қатаң бақылауға алынады

    Семей орманын ЖИ қорғайды: Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Абай облысына келді

    Семей орманын ЖИ қорғайды: Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Абай облысына келді

  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Басқа
    • Медицина
    • Спорт
    • Өнер мен мәдениет
    • Құқық пен әділет
    • Туризм
    • Фоторепортаж
    • Бейнемедиа

Мұқаба Жаңалықтар

Президент Жолдауы: «Таза Қазақстан» 10,4 млн-нан астам адамды игілікке ұйыстырды

Redaktor
27.08.2025, 10:02
Жаңалықтар, Экология
Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

5
қаралым
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясы өтіп жатыр. Бұл бастаманың мақсаты – еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту ғана емес, сонымен қатар азаматтардың экологиялық жауапкершілікті ойлауын қалыптастыру, сана мен ой тазалығын сақтау, отансүйгіштік, табиғатты аялау мәдениетін дамыту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның қатысуын арттыру.

Елімізде жүріп жатқан экологиялық акция барған сайын қоғам өмірінің саналы бөлігіне айналып келеді. Аулаларын, көшелерін, саябақтарын таза ұстап, ағаш отырғызуға, сенбіліктерге және қоршаған орта мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған басқа да іс-шараларға белсене қатысатын қазақстандықтар көбейіп келеді. Бастама іске қосылғалы бері 10,4 млн-нан астам адам экологиялық акцияға қатысты.

Мемлекеттік шаралар және заңнамалық өзгерістер

Үкімет қоғамдық бастамалармен қатар, Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру аясында экологиялық саясатты жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізуде. Басым бағыттардың бірі – экологиялық бақылауды цифрландыру, озық табиғатты қорғау технологияларын енгізу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық базаны жаңарту.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында 2024 жылдың қазан айында «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы Үкімет қаулысы қабылданды. Бұл құжат қоғамда экологиялық құндылықтар қалыптастыру саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағытын айқындайды.

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасының негізгі бағыттары

Тұжырымдама экологиялық мәдениетті қалыптастырудың кешенді тәсіліне бағытталған. Негізгі бағыттар арасында:

  • халықтың экологиялық санасы мен тәртібін дамыту;
  • экологиялық жауапкершілікке құрылған өмір салтына ынталандыру жүйесін құру;
  • экологиялық ағартушылық және білім беру;
  • экология мәселелерін ақпараттық тұрғыда кеңінен жариялау.

Тұжырымдама азаматтардың табиғатқа деген құрметін қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсінуге және экологиялық мәселелерді шешуге белсенді қатысуға бағытталған, — деп атап өтті экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Мұндағы бизнес пен ірі кәсіпорындардың рөліне ерекше назар аударылып отыр –  олар табиғатты қорғау бастамаларын жүзеге асыруда маңызды серіктестер ретінде қарастырылады. Қазақстандағы көптеген компаниялар қазірдің өзінде-ақ «Таза Қазақстан» аясындағы іс-шараларға қатысып, орнықты технологияларды енгізуде және өздері орналасқан өңірлердегі экожобаларды қолдауда.

Тұжырымдаманы іске асыру үшін аумақтарды көгалдандыру, эковолонтерлік қозғалысты дамыту, экологиялық конкурстар өткізу және орнықты даму мәселелері бойынша халықпен белсенді жұмыс істеу жөніндегі нақты іс-шараларды қамтитын іс-қимыл жоспары әзірленді. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар өңірлік жоспарларын бекітті, бұл бастаманы еліміздің әрбір өңірінің ерекшеліктеріне қарай бейімдеуге мүмкіндік береді.

Көпшіліктің қатысуы және аймақтық акциялар

2025 жылдың басынан бері «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында бүкіл ел бойынша 767-ден астам іс-шара өткізілді. Олардың ішінде дәстүрге айналған белгілі экологиялық акциялар бар:

  • «Таза кәсіп – таза аймақ» – таза өндіріс құру,
  • «Киелі мекен» – табиғи және қасиетті жерлерді қорғау,
  • «Таза өлке» – аумақтарды көпшілікпен тазалау,
  • «Мөлдір бұлақ» – бұлақтар мен су айдындарының тазалығын сақтау.

Бұл акциялардың әрқайсысы қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосады және қоғамның әртүрлі топтарының: азаматтардың, бизнестің, студенттердің, мектеп оқушыларының және билік өкілдерінің күш-жігерін біріктіреді.

Қалдықтарды басқару  – проблемадан шешімге жасалған қадам

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Таза Қазақстан» шарасы аясында бірнеше айдың ішінде жүздеген мың үй ауласы тазартылып, миллион тоннадан астам қоқыс жиналғанын атап өтті. Осындай игі шаралардың арқасында елімізде жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасады.

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі – қалдықтармен жауапты жұмыс істеу. Ресми деректер бойынша, елімізде жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам коммуналдық қалдық шығады, бұл ретте 2024 жылы қайта өңдеу деңгейі 25,8% ғана болды, демек әрі қарай да инфрақұрылымды дамытып, халықты хабардар ету жұмыстарын жалғастыру қажет. Осы мақсатта еліміздің қалаларында қайта өңделетін шикізат қабылдайтын әрі тұрғындарды тапсырған пластик пен алюминий үшін бонуспен ынталандыратын экобокстар мен фандоматтар белсенді түрде орнатылып жатыр. Бүгінде жеке бизнес Астана, Алматы, Ақтөбе және Өскемен сияқты ірі қалаларда 100-ден астам фандомат орнатты.

Бұдан басқа, тамыз айының соңына дейін пилоттық жоба аясында Астана мен Жезқазғандағы 129 мектепте қоқысты бөлек жинауға арналған мыңнан астам экобокс орнатылды, — деді Ерлан Нысанбаев.

Министр бұл шаралар полигондарға жіберілетін қалдық көлемін азайтып, әрі өскелең ұрпақтың экологиялық санасын дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жасыл экономика және табиғатты қайта қалпына келтіру

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында орман-тоғайды көбейту бүкіл елді жұмылдыратын нағыз халықтық идеяға айналуы керек екенін атап өтті. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында елімізде кең ауқымда көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, орман алқаптарының аумағы ұлғайып келеді.

Атап айтқанда, мемлекеттік орман қоры аумағына 1 млрд 369 млн көшет, оның ішінде Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл көшеттерінің 48,7 млн данасы егілді, — деп мәлімдеді Ерлан Нысанбаев.

Былтыр жыл соңында Қазалыда 33 га алаңға жылына 3 млн көшет беретін орман питомнигінің құрылысы аяқталды. Агротехникалық талаптар ескеріле отырып, питомниктегі 10 га алаңға сексеуіл тұқымы егілді.

Биыл ауданы 15 га питомникті жобалау және Аралдың құрғаған түбінде тікелей ұңғымыларды бұрғылау жұмыстары жүргізілуде, қызметкерлер үшін өндірістік контейнерлер (модульдер) жеткізілді.

Экологияға көмектесетін цифрлық құралдар

Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Мемлекет басшысының өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде республикада өмірдің барлық салаларын цифрландыру бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Қазіргі заманғы технологиялар экологиялық сын-қатерлерге жедел ден қою үшін де белсенді қолданылады. 2024 жылдан бастап Қазақстанда @TazaQazBot телеграм-боты жұмыс істейді, оның көмегімен азаматтар өз елді мекендерінде экология және абаттандыру саласындағы мәселелер туралы хабарлай алады.

Платформа жұмысының нәтижесінде:

  • 2025 жылдың басынан бастап порталға 16,5 мың өтінім келіп түсті;
  • оның ішінде 15 мыңнан астам өтініш орындалды;
  • өтініштердің ең көп тараған тақырыптары: аумақтарды жинау (4 965 хабарлама), қоқыстарды шығару (1181 өтінім), тротуарларды күтіп ұстау және көшелерді абаттандыру (1 232 хабарлама).

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін бот өтініштерді 21 санат бойынша бөледі, сондай-ақ сұрауларды автоматты түрде тиісті қызметтерге жібереді. Бұл мәселелерді жою үдерісін жеделдетуге және биліктің халықпен өзара іс-қимылының ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Таза ел – ортақ игілік

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғаннан бері бүкіл республика бойынша 1,1 мың экологиялық акция өткізілді, оған 10,4 млн-нан астам адам, оның ішінде 586 мың ерікті қатысты.

Жалпы күш – жігермен 1,6 млн тоннадан астам қалдық жиналып, 859,6 мың гектар аумақ тазартылды, — деп нақтылады Ерлан Нысанбаев.

Бүгінгі таңда «Таза Қазақстан» бастамасы жүйелі тәсіл, саяси ерік-жігер мен азаматтардың белсенді қатысуы нақты нәтиже бере алатынын көрсететті. Ел тұрақты экологиялық даму бағытында айқындады, бұл бастама әрбір тұрғынның қоршаған орта үшін жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру үшін берік негіз жасайды.

Экологиялық қозғалысқа кез келген адам қосыла алады: сенбіліктерге қатысу, қоқыстарды сұрыптау, ағаш отырғызу, балаларды экологиялық әдеттерге үйрету – мұның бәрі Қазақстанның таза, қауіпсіз және жасыл болашағына қосқан үлесі.

primeminister.kz

Тегтер: Tura18Жолдау-2024ҚР ҮкіметіПрезидентТоқаевэкология

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ

Облыс әкімі өңір тұрғындарын тазалық шараларына белсенді қатысуға шақырып, бейнеүндеу жариялады
Аймақ тынысы

Рухани көпір: Семейге Ақтөбеден концерт келе жатыр

17.04.2026, 09:12
Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды
Аймақ тынысы

Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

16.04.2026, 15:05
Абай облысында демографиялық өсім байқалады
Аймақ тынысы

Абай облысында демографиялық өсім байқалады

16.04.2026, 09:26
Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады
Аймақ тынысы

Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

15.04.2026, 15:31
Абай облысында жыл басынан бері 127 неке қиылды
Аймақ тынысы

Абай облысында жыл басынан бері 127 неке қиылды

15.04.2026, 14:47
Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды
Аймақ тынысы

Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды

15.04.2026, 14:35

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Рухани көпір: Семейге Ақтөбеден концерт келе жатыр

17.04.2026, 09:12

Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

16.04.2026, 15:05

Абай облысында демографиялық өсім байқалады

16.04.2026, 09:26

Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

15.04.2026, 15:31

Абай облысында жыл басынан бері 127 неке қиылды

15.04.2026, 14:47

Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды

15.04.2026, 14:35

Қаланың дамуы күн тәртібінде: Семейде қандай өзгерістер болады?

14.04.2026, 16:46

Әкім семейліктердің қолын «жылы суға малды»: биыл жазда қалада ыстық су болады

13.04.2026, 16:47

Шүлбі су қоймасынан су жіберіледі

13.04.2026, 16:29

Абай облысында ірі кен орны ашылып, 1800 жаңа жұмыс орны құрылады

13.04.2026, 12:51

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Облыс әкімі өңір тұрғындарын тазалық шараларына белсенді қатысуға шақырып, бейнеүндеу жариялады

Рухани көпір: Семейге Ақтөбеден концерт келе жатыр

17.04.2026, 09:12
Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

Семейде жаңа жылу электр орталығының құрылысы басталды

16.04.2026, 15:05
Абай облысында демографиялық өсім байқалады

Абай облысында демографиялық өсім байқалады

16.04.2026, 09:26
Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды

Инсульт пен инфарктқа қарсы жаңа қару: Семейде заманауи құрылғы іске қосылды

15.04.2026, 14:35
Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

Облыс әкімі Семейдегі ірі өндіріс орындарын аралады

15.04.2026, 15:31

БІЗ ТУРАЛЫ

TURA18.KZ — тәуелсіз, бейтарап әрі заманауи көзқарасты ұстанатын қоғамдық-саяси платформа. Негізгі мақсат — қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік, саяси және құқықтық процестерге терең талдау жасап, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосу, мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 69

Телефон: +7 707 913 6784 (WhatsApp)

Email: info@tura18.kz

TURA18.KZ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Бізге жазылыңыздар

Яндекс.Метрика
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Билік және қоғам
  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Құқық пен әділет
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Медицина
  • Спорт
  • Өнер мен мәдениет
  • Туризм
  • Фоторепортаж
  • Бейнемедиа
  • KZ
  • RU

© 2025. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған