• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
06.10.2026, 18:36
TURA18.KZ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
KZ | RU
  • Билік және қоғам
    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ “КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ҚОСЫЛДЫ

    Информация о конкурсе присуждения Премий для НПО

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Басқа
    • Медицина
    • Спорт
    • Өнер мен мәдениет
    • Құқық пен әділет
    • Туризм
    • Фоторепортаж
    • Бейнемедиа

Мұқаба әлеумет

ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ “КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ҚОСЫЛДЫ

Инабат Аблахатова
06.08.2026, 19:57
әлеумет, Билік және қоғам, Жаңалықтар, Құқық пен әділет
3
қаралым
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

Бүгін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен “Кітап оқитын ұлт – Читающая нация” қоғамдық қоры “Кітап оқитын ұлт” республикалық жобасын бірлесіп жүзеге асыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, — деп хабарлайды Tura18.kz

Құжатқа Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков пен “Кітап оқитын ұлт — Читающая нация” қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков қол қойды.

Жоба Мемлекет басшысының кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Жарлығын іске асыру, сондай-ақ қоғамда жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, заңды құрметтеу және оны сақтаудың маңызын азаматтардың саналы түрде түсінуіне бағытталған “Заң мен тәртіп” тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда.

Меморандумға сәйкес ішкі істер органдарының қызметкерлері “Кітап оқитын мемлекеттік қызметші” арнайы бағыты бойынша өтетін “Кітап оқитын ұлт” республикалық кітап оқу марафонына қатысады. Алты ай ішінде қатысушылар 15 кітап оқып, өздерінің әсерлерімен бөлісіп, жоба аясындағы зияткерлік іс-шараларға қатысады.

Марафонның басты мақсаты — тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап оқуды кеңінен насихаттау және мемлекеттік қызметшілер арасында үздіксіз өзін-өзі дамыту дағдысын орнықтыру.

Жоба өзінің өзектілігі мен тиімділігін дәлелдеп үлгерді. 2025 жылы марафон пилоттық режимде Қарағанды, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында өткізіліп, түрлі жас санаты мен мамандықтағы 189 мыңнан астам қатысушыны біріктірді. Пилоттық кезеңнің қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың өкілдері марафон жеңімпаздарының қатарынан көрінді. Қостанай облысы полиция департаменті штабының талдау, жоспарлау және бақылау бөлімінің бастығы Гүлзат Мұстафина II орынды иеленсе, Теміртау қаласы төтенше жағдайлар басқармасы өрт сөндіру бөлімінің бастығы Владимир Конев III орынға ие болды. Олардың жетістігі білімге ұмтылу мен үздіксіз даму мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігі екенін айқын көрсетті.

Пилоттық кезеңнің табысты нәтижелері бастаманы республикалық деңгейде кеңейтуге және оған мемлекеттік органдар мен ұйымдарды тартуға берік негіз қалады.

— Кітап оқу — полиция қызметкерінің кәсіби және рухани дамуының маңызды негізі. Ол білімді жетілдіріп, ой-өрісті кеңейтеді, патриоттық рух пен жауапкершілік сезімін нығайтады. Ішкі істер министрінің тапсырмасымен 2024 жылдан бастап бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізілуде. Министрлікте және өңірлік департаменттерде кітапханалар ашылды. Полиция қызметкерлері кітап оқуда қызығушылық танытып, әр ай сайын жаңа кітап оқып жүр. Сонымен қатар министрлікте жыл сайын детектив жанырындағы “Серт” конкурсы өткізіледі. Үздік шығармалар кітапта шығарылады. Министрлік шығарған кітаптар цифрлық кітапханаға енгізілуде, — деді Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар — Оқу мәдениетін дамыту – Мемлекет басшысы айқындаған жалпыұлттық міндет.

— Біз үшін Ішкі істер министрлігінің жобаға қосылуы ерекше маңызды. Полиция қызметкерлерінің марафонға қатысуы қазіргі мемлекеттік қызметшінің тек өз ісінің кәсіби маманы ғана емес, сонымен қатар білімге, дамуға және өзін-өзі жетілдіруге ұдайы ұмтылатын тұлға екенін көрсететін жарқын үлгі болады деп сенемін, — деп атап өтті “Кітап оқитын ұлт — Читающая нация” қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков.

Меморандумға қол қойылуы тараптардың кітап оқу мәдениетін дамыту, қоғамның зияткерлік әлеуетін нығайту және Қазақстанда жаңа оқу мәдениетін қалыптастыру жолындағы күш-жігерін біріктіруге деген ұмтылысын айғақтайды.

Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Тегтер: Tura18

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды
Аймақ тынысы

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты
Аймақ тынысы

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады
Билік және қоғам

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?
Аймақ тынысы

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар
Аймақ тынысы

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00
Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?
Аймақ тынысы

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

30.09.2026, 11:49

Ауызсудың сапасы қалай бақыланады: оған қойылатын талаптар қандай?

30.09.2026, 11:33

Семейде жаңа Smart City орталығы пайда болады

24.09.2026, 17:03

AGRON: Қазақстанда арнайы техниканы тапсырыспен құрастыратын «виртуалды зауыт» іске қосылды

02.09.2026, 17:34

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

БІЗ ТУРАЛЫ

TURA18.KZ — тәуелсіз, бейтарап әрі заманауи көзқарасты ұстанатын қоғамдық-саяси платформа. Негізгі мақсат — қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік, саяси және құқықтық процестерге терең талдау жасап, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосу, мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Семей қаласы, 071400, Қабанбай батыр көшесі, 102

Телефон: +7 707 913 6784 (WhatsApp)

Email: info@tura18.kz

TURA18.KZ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Бізге жазылыңыздар

Яндекс.Метрика
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Билік және қоғам
  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Құқық пен әділет
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Медицина
  • Спорт
  • Өнер мен мәдениет
  • Туризм
  • Фоторепортаж
  • Бейнемедиа
  • KZ
  • RU

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған