Көкпекті ауданы Ажа ауылының Романовка орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Мырзагелді Каусов Қарағанды қаласында өткен көпсайыстан ел чемпионатында ІІ орынды жеңіп алды, деп хабарлайды Tura18.kz.
Оның бұл жеңісі ауданның ғана емес, облыстың абыройын өсіріп, өңір спортының дұрыс бағытта дамып келе жатқанын көрсетті.
Мырзагелді – майталман спортшы, бұған дейін сан мәрте де көпсайыстан республикалық және халықаралық додаларда олжа салып, қанжығасын майлаған. Сонымен қатар Көкпекті жастарын осы спорт түріне баулып жүрген білікті бапкер. Оның шәкірттері болашақта әлемдік аренада атой салып, олимпиада шыңын бағындырар деген үміттеміз.
Фархат Маратұлы

















