Биылғы 2 қыркүйектен бастап Семей – Көкпекті – Теректі бағытында қоғамдық көлік қатынай бастады, деп хабарлайды Tura18.kz.
Mercedes Benz Sprinter маркалы микроавтобус аптасына үш рет, яғни сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері жолға шығады. Осылайша аудан тұрғындары облыс орталығына жайлы көлікпен жылдам жету мүмкіндігіне ие болды. Ең бастысы автобус билетінің бағасы қарапайым халықтың қалтасы көтеретіндей арзан.

















