Алматы облысында өткен «Ақ бидай» VIII республикалық ауыл спорты ойындарында Көкпекті ауданының спортшысы олжа салды, деп хабарлайды Tura18.kz.
Биылғы 11-21 қыркүйек аралығында Алматы облысында ауыл спортын дамытуға бағытталған «Ақ бидай» ойындары өтті. Бұл кешенді жарыс олимпиадалық, ұлттық және олимпиадалық емес 20 спорт түрін қамтыды. Ауыл спортын жаңа деңгейге көтеруге тың серпін беретін дүбірлі бәсекеде Абай облысы, Көкпекті ауданының намысын қорғаған Дидар Тұқышев қазақ күресінен 74 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, III орынға ие болды. Бұл жетістік Дидар мен оның бапкерлерінің қажырлы еңбегінің, сондай-ақ аудан басшылығының спортқа көрсетіп отырған қамқорлығының жемісі екенін айта кету керек.

















