Қостай облысында алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойы дүркіреп өтті. Осы дүбірлі тойда ұлы аламанға ат қосқан көкпектілік атбегі Жұмабек Күшікбаев ауылға олжалы оралды, деп хабарлайды Tura18.kz.
Көкпекті ұлттық спорт орталығының маманы, білікті бапкер Руслан Шайырғазин баптайтын Көксала атты сәйгүлік Торғай төріндегі 70 шақырымдық аламанда мәре сызығын үшінші болып кесіп, шын жүйрік екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұған дейін Көксала тұлпар “Көркейген өлке – Көкпекті” фестивалінде аламанның алдын бермей, чемпион атанған еді. Осы жолы да үздіктер қатарынан көрініп, қола жүлде үшін берілетін төрт бас жылқы мен 800 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.

















