Көкпектіде аузымен құс тістеген небір жүйріктер бар. Сондай алдына қара салмас қылқұйрықтардың бірі – Көкпектінің мақтанышына айналған Қайрат Кенжебаевтың «Тау Толағай» атты сәйгүлігі. Ол биыл үш бірдей көлікті жеңіп алды.

«Тау Толағайдың» бапкері – Айдос, шабандозы – Әбу Мансұр.
Көкпектіде бұған дейін «Толағай» деген жүйрік болған. Менікі – «Тау Толағай». Бірақ қай жерге апарсам да бәрі «Толағай» деп айтады. Тұлпарымыз әлі талай жүлде алатынына сенемін, – деді Қайрат.
Аты озып, атағы дүркіреп тұрған Қайрат Кенжебаев Озеркада жаңадан атқора салыпты. Жылқы десе ішкен асын жерге қоятын азаматтың салған қоражайы ұялмай көрсетуге болатындай керемет екен.
Фархат Маратұлы














