• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
07.10.2026, 04:12
TURA18.KZ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
KZ | RU
  • Билік және қоғам
    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ “КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ҚОСЫЛДЫ

    Информация о конкурсе присуждения Премий для НПО

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Басқа
    • Медицина
    • Спорт
    • Өнер мен мәдениет
    • Құқық пен әділет
    • Туризм
    • Фоторепортаж
    • Бейнемедиа

Мұқаба Жаңалықтар Аудан айнасы

Көкпекті ауданына алып күштің иесі, әйгілі Цырульников келді

Redaktor
12.10.2025, 18:03
Аудан айнасы, Білім, Жаңалықтар, Өнер мен мәдениет, Спорт
Фото: Tura18.kz

Фото: Tura18.kz

438
қаралым
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

Көкпекті ауданының Үлкенбөкен ауылында әлемге танымал алып күш иесі, Қазақстан Республикасының ізгі ниет елшісі, «1000 ауыл» бірегей жобасының авторы, есімі Гиннес рекордтар кітабына бірнеше мәрте жазылған Сергей Цырульников келді. Құрметті қонақтың келуіне Үлкенбөкен ауылының тумасы, белді кәсіпкер Сергей Кригер себепкер болды, деп хабарлайды Tura18.kz.

Сергей Цырульников Үлкенбөкен ауылдық клубының ішін қуанышты көңіл күйге толтырған оқушылардың алдында фантастикалық фильмнің немесе ертегінің кейіпкеріндей шынтағымен балғаны иіп, ежелгі батырлар дәстүрімен темір тағаны майыстырып, шегені қолмен бұрап кішкентай жүрек жасап, тіпті резеңке жылытқышты (грелка) шар сияқты үрлеп жарды. Бірақ оның басты мақсаты – таң қалдыру емес, балаларды жігерлендіру, өз күшіне сенім ұялату және спортпен айналысуға мүмкіндік беру болатын.

1 ден 7
- +

Сол күні мектеп жаңа спорттық құрал-жабдықтарға ие болды. Бұл – мемлекеттік қаржысыз және халықтан ақша жинаусыз жүзеге асқан нағыз игі іс.

Мәртебелі мейман өзінің қалай төрт мәрте әлем рекордшысы атанғаны, есімі жеті мәрте Гиннес рекордтар кітабына және алты мәрте Қазақстан рекордтар кітабына қалай жазылғаны туралы айтып берді.

Біз ауылдарды аралап, балалармен және жастармен жұмыс істейміз. Негізгі бағыт – мотивациялық кездесулер. Халқымыздың тарихы, батырлар мұрасы, ұлы даладағы күш сынасу дәстүрі, жастардың жігерін арттыру – барлығы осы жобаның өзегінде. Биыл қолға алған «1000 ауыл жобасы» толықтай өз қаражатыммен және достарымның қолдауымен жүзеге асып жатыр. Шынайы күші бар болашақ чемпиондар мен батырлар ауылдан көп шығады. Сондай балалардың өз ортасынан жарып шығуға, мықты екенін дәлелдеуге көмектесе алсақ – мақсаттың орындалғаны. Сонымен қатар әр мектепке спорттық құрал-жабдық тарту етеміз, себебі ауыл балаларының спортпен емін-еркін айналысуы маңызды. Әр ауыл – өз алдына бөлек тағдыр, бөлек эмоция. Бұл жолғы кездесуді менің досым, туған ауылын ешқашан ұмытпайтын Сергей Кригер ұйымдастырды. – деді алып күштің иесі Сергей Цырульников.

Үлкенбөкен ауылының тумасы Сергей Кригер әйгілі тұлғаның ауылға келіп балалардың алдында өнер көрсетуі болашақ чемпиондарды шабыттандырып, арманға жетелейтінін айтты.

Үлкенбөкен – менің туған жерім, балалық шағым өткен мекен. Бүгін мектеп дәліздерін аралап, сыныптарға кіріп, өткенді еске алдым. Әр бөлме – бір естелік. Біздің ауыл жастары бұрыннан спортқа бейім. Ал Сергей Валерьевич – менің жақын досым. Ол менің шақыруыммен арнайы келіп отыр. «1000 ауыл» жобасы аясында ол тек шоу көрсетіп қана қоймай, мектептерге спорттық инвентарь сыйлайды. Бұл – жастарға үлкен мотивация. Менің өскен үйім осында, ата-анам, туыстарым осы ауылда тұрады. Үлкенбөкен ауылының өркендеп өскенін қалаймын, – деді ол.

Үлкенбөкен орта мектебінің директоры Құралай Қайсанова: – Адамның ең маңызды қасиеттерінің бірі – өз-өзін тәрбиелеу, ерік-жігер мен табандылық. Сергей Валерьевич балаларға осының нақты үлгісін көрсетті. Эмоция – шексіз! Балаларымыз зор әсер алды. Ал құрметті қонағымыз сыйға берген спорттық жабдықтар олардың жаңа жеңістерге жетуіне жол ашады, – деді.

Іс-шара соңында ауылдың мұғалімдері мен оқушылары құрметті қонақтармен естелік суретке түсті, қолтаңбасын алды. Ал мерекенің шарықтау сәтінде қазақтың тұсау кесу дәстүрі өтті. Ауыл тұрғындарының бірі жақсылыққа ырымдап  Сергей Цырульниковке ұлының тұсауын кестірді. Іс-шара барысында Сергей Валерьевич: «Менің атым Сергей, қазақша Серғазы» деп көрермендермен қазақша тілдесті.

Таға майыстыру сәтінде өнерпаз бұл Қажымұқаннан мұра боп қалған, ежелгі қазақ батырлары дәстүр ретінде жалғаған өнер екенін тілге тиек етті. Ұлы даламыздың күш сынасу дәстүрін жалғастыруды маңызды міндеті санайтын Сергей-Серғазы батыр көпшіліктің алғысына бөленді.

Сергей Цырульниковтың бастамасымен жүзеге асқан «1000 ауыл» жобасы бүгінде еліміздің 144 елді мекенін қамтыды (оның ішінде Үлкенбөкен де бар). Бұл жоба туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жылы пікір білдіріп, оның мән-маңызын атап өткен.

Осылай жылы алып жатқандарыңызға алғыс айтамын. Біз ортақ істі – еліміздің, халқымыздың, жастарымыздың игілігі үшін атқарып жүрміз. Мен әрдайым жастарды білімге, ізденіске шақырамын. Қазіргі әрбір қазақстандық білімді әрі спорт сүйетін тұлға болуға тиіс. Президентіміз айтқандай, бүгінгі жастар – ертеңгі Қазақстан. Сондықтан жастарға тіл үйреніп, интеллектті дамытуға күш салу қажет. Ал спорт – өмір бойы сергек әрі мықты болудың жолы, – деді сөз соңында Сергей Цырульников.

Виктория Гармашова

Тегтер: Tura18Абай облысыКөкпекті ауданыЦырульников

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды
Аймақ тынысы

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты
Аймақ тынысы

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады
Билік және қоғам

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?
Аймақ тынысы

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар
Аймақ тынысы

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00
Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?
Аймақ тынысы

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

30.09.2026, 11:49

Ауызсудың сапасы қалай бақыланады: оған қойылатын талаптар қандай?

30.09.2026, 11:33

Семейде жаңа Smart City орталығы пайда болады

24.09.2026, 17:03

AGRON: Қазақстанда арнайы техниканы тапсырыспен құрастыратын «виртуалды зауыт» іске қосылды

02.09.2026, 17:34

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

БІЗ ТУРАЛЫ

TURA18.KZ — тәуелсіз, бейтарап әрі заманауи көзқарасты ұстанатын қоғамдық-саяси платформа. Негізгі мақсат — қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік, саяси және құқықтық процестерге терең талдау жасап, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосу, мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Семей қаласы, 071400, Қабанбай батыр көшесі, 102

Телефон: +7 707 913 6784 (WhatsApp)

Email: info@tura18.kz

TURA18.KZ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Бізге жазылыңыздар

Яндекс.Метрика
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Билік және қоғам
  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Құқық пен әділет
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Медицина
  • Спорт
  • Өнер мен мәдениет
  • Туризм
  • Фоторепортаж
  • Бейнемедиа
  • KZ
  • RU

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған