Семейде Жанжігіт Омархан басқарып отырған Абай облысы мəдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ономастиканың да кем-кетігін бүтіндеуге кірісті, деп хабарлайды Tura18.kz.
Алаш зиялысы, ақын, жазушы, философ, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлы Шақпақтағы саят қорада 1925 жылдан бастап өмірінің соңғы кезеңіне дейін мекен етті. Оның шоқтығы биік бірнеше шығармасы осы тұрақта жазылды. Сондықтан саят қора еліміздегі тарихи әрі рухани маңызы бар қастерлі орындардың бірі.
Биыл Семейде Саятқора деп аталған көше пайда болды. Шәкәрім қажының аңшылық мекенінің атауы бұрынғы «Крестьянская» көшесіне берілді. Исі қазақтың ұпайын түгендеген шешім құтты болсын, ағайын!

















