• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
07.10.2026, 07:30
TURA18.KZ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
KZ | RU
  • Билік және қоғам
    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ “КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ҚОСЫЛДЫ

    Информация о конкурсе присуждения Премий для НПО

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Басқа
    • Медицина
    • Спорт
    • Өнер мен мәдениет
    • Құқық пен әділет
    • Туризм
    • Фоторепортаж
    • Бейнемедиа

Мұқаба Жаңалықтар Аймақ тынысы

Аягөзде 600 орындық жаңа қазақ мектебі ашылды

Redaktor
03.11.2025, 09:17
Аймақ тынысы, Білім, Жаңалықтар
Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

7
қаралым
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

Аягөз қаласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында заманауи үлгідегі жаңа мектеп ашылды. Салтанатты жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли, оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысып, ұстаздар, оқушылар және ата-аналарды айтулы оқиғамен құттықтады, деп хабарлайды Tura18.kz порталы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім саласына, мұғалімдердің мәртебесін көтеруге әрдайым ерекше көңіл бөліп келеді. Президенттің бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» жобасы аясында Абай облысында үш мектеп салынды. Бүгін, міне, сол игі бастаманың жалғасы ретінде Аягөз қаласында 600 орындық төртінші мектептің ашылу салтанатына жиналып отырмыз. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Досбергенқызына жерлестеріміздің атынан айрықша алғыс білдіреміз. Министр ретіндегі бірінші мектебін осы Абай елінде ашып жатқаны біз үшін үлкен мәртебе. Бұл мектеп Аягөз қаласындағы мектеп тапшылығы мәселесін шешуге септігін тигізеді. Шеткері аудан тұрғындарына арналған, барлық жағдай жасалған заманауи білім ордасы. Президенттің қолдауымен ашылып жатқан мектепте білім алған оқушылар алдағы уақытта республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысып, өз мүмкіндіктерін көрсетеді деп ойлаймыз. Жаңа мектеп  құтты болсын, – деді аймақ басшысы.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылған мектептердің өңірдің білім саласына тың серпін беретінін атап өтті.

Халықаралық пәндік олимпиадалар, ғылыми жоба жарыстары бойынша 20 өңірдің  ішінде Абай облысының оқушылары көш бастап тұр. Бұл Абай облысының жас өрендерінің ғылым мен білімге құштар екенін көрсетеді. Алдағы уақытта бюджет мүмкіндіктеріне қарай Ақсуат, Мақаншы, Үржар аудандарына «Келешек мектептерін» салуды қарастыратын боламыз. Жаңа мектеп құтты болсын! Осы мектептен білім алған оқушылар еліміздің ертеңіне үлес қосатын азаматтар болсын, — деді ол.

ӘКІМ МЕН МИНИСТР КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗДЫ

Оқу-ағарту министрі мектептің пәндік оқу кабинеттерін, зертханаларды, спорт залды аралап, оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен пікірлесті. Мектеп оқушыларының өнерін тамашалады. Облыс әкімімен бірге мектеп ауласына ағаш көшеттерін отырғызды.

Жаңа мектеп үш қабатты, заманауи талаптарға сай салынған үш ғимараттан тұрады. Жалпы аумағы 9 992,8 шаршы метр. 600 оқушыға арналған білім ордасында 35 оқу кабинеті бар. Оның ішінде физика, химия, биология, информатика, STEM және роботты техника зертханалары толық жабдықталған. Сондай-ақ спорт және акт залдары, медициналық пункт, асхана мен алғашқы әскери дайындық кабинеті бар. Мектеп жаратылыстану-математикалық бағытта жұмыс істейді. Мұнда 42 педагог қызмет етеді, олардың арасында 10 педагог-зерттеуші, 8 педагог-сарапшы және 11 педагог-модератор бар. Оқыту толық қазақ тілінде жүргізіледі.

ТАҒЫ БІРНЕШЕ БІЛІМ ОРДАСЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Бұл – биыл Абай облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында ашылған төртінші білім ордасы. Бұған дейін Бесқарағай ауданында 300 орындық, Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында 1200 орындық, Водный кентінде 600 орындық мектептер пайдалануға берілген болатын.

Қазір облыс орталығындағы Шығыс кентінде 300 орындық мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Жарма ауданының Суықбұлақ ауылында 100 орындық мектептің құрылысы басталды. Ақсуат ауданының Екпін ауылында 300 орындық мектеп құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамаға жолданған. Сондай-ақ Семей қаласындағы №11 орта мектепке жаңа ғимарат салу үшін жобалық құжаттар дайындалуда. Екі нысан да апатты деп танылған болатын. Бұл жобалар толық іске асқанда мыңға жуық баланың сапалы білім алуына мүмкіндік береді.

Тегтер: Tura18Абай облысыбіліммектепоқу-ағарту министріСүлейменоваУәли

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды
Аймақ тынысы

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты
Аймақ тынысы

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады
Билік және қоғам

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?
Аймақ тынысы

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар
Аймақ тынысы

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00
Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?
Аймақ тынысы

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

30.09.2026, 11:49

Ауызсудың сапасы қалай бақыланады: оған қойылатын талаптар қандай?

30.09.2026, 11:33

Семейде жаңа Smart City орталығы пайда болады

24.09.2026, 17:03

AGRON: Қазақстанда арнайы техниканы тапсырыспен құрастыратын «виртуалды зауыт» іске қосылды

02.09.2026, 17:34

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

БІЗ ТУРАЛЫ

TURA18.KZ — тәуелсіз, бейтарап әрі заманауи көзқарасты ұстанатын қоғамдық-саяси платформа. Негізгі мақсат — қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік, саяси және құқықтық процестерге терең талдау жасап, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосу, мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Семей қаласы, 071400, Қабанбай батыр көшесі, 102

Телефон: +7 707 913 6784 (WhatsApp)

Email: info@tura18.kz

TURA18.KZ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Бізге жазылыңыздар

Яндекс.Метрика
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Билік және қоғам
  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Құқық пен әділет
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Медицина
  • Спорт
  • Өнер мен мәдениет
  • Туризм
  • Фоторепортаж
  • Бейнемедиа
  • KZ
  • RU

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған