Абай облысында тұңғыш рет дзюдодан Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылды. Бұл айтулы шараға облыс басшылығының арнайы шақыруымен 2024 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, еліміздің танымал дзюдошысы Елдос Сметов келді, деп хабарлайды Tura18.kz.
Олимпиада жеңімпазын өңір әкімі Берік Уәли қабылдап, оның спорттағы жетістіктерін және жас буынға үлгі боларлық еңбегін ерекше атап өтті.
Елдос Сметов – қазақстандық дзюдоны әлемге танытқан спортшы. Оның Абай жеріне келуі – жастар үшін үлкен шабыт пен мотивация. Бұл кездесудің өзі чемпионаттың деңгейін арттырып, спортшыларға жаңа мақсаттарға ұмтылудың маңызын көрсетіп отыр, – деді аймақ басшысы.
Кездесу соңында облыс әкімі Елдос Сметовке өңір халқының атынан ризашылық білдіріп, 10 миллион теңге көлеміндегі сертификатты табыс етті.
Айта кетейік, чемпионның қатысуы Абай облысындағы спорттың дамуына серпін беріп, жас дзюдошылар үшін зор қолдау болды.

















