Биыл Абай облысында республикалық маңызы бар Қалбатау-Майқапшағай автожолының 184 шақырымы аяқталды. Бұл бағыт өңірдің ішкі және сыртқы көлік байланысын жақсартып, облыстың көршілес Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарымен, сондай-ақ Ресей мен Қытай Халық Республикасымен шекаралық сауда-экономикалық қатынастарын нығайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Tura18.kz.
Сондай-ақ қазір Талдықорған — Қалбатау — Өскемен автожолының құрылысы аяқталуға жақын. Қазір негізгі бөлігіне асфальт төселіп, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
China Railway Asia-Europe Construction Investment Co.LTD» Қытай компаниясымен Семей қаласын айналып өтетін автожол құрылысын жүзеге асыруға бағытталған меморандумға қол қойылды. Жоба қазақ-қытай кәсіпорындарының бірлескен консорциумы негізінде 2028 жылға дейін жүзеге асырылады», — деді өңір әкімі Берік Уәли ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

















