Абай облысының халқын сапалы ауызсумен қамту үшін қазір 33 жоба іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Tura18.kz.
Абай облысына биыл барлық қаржыландыру көздері есебінен 16,7 млрд теңге, оның ішінде арнаулы мемлекеттік қор есебінен 10,1 млрд теңге бөлінді. Аталған қаражатқа жыл соңына дейін 33 жоба жүзеге асырылып, ауыз сумен 38 мың адам қамтылады. Нәтижесінде облыстың сумен қамту мәселесі толық шешімін табады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өңір әкімі Берік Уәли хабарлады. Оның айтуынша, су желілерінің тозуын азайту мақсатында биыл 4 жоба аяқталып, тозу деңгейі 40%-ға дейін төмендетіледі.
Келер жылы 24 су желілерін қайта құру жобаларын іске асыру жоспарланып отыр», — деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

















