Аймақ басшысы Берік Уәлидің айтуынша, жылыту маусымына дайындық барысында арнайы талдау жасалып, жылу желілерінде анықталған ақауларды жою жұмыстары жүргізілді. Биыл бұл мақсатқа 11,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Tura18.kz.
Аталған қаражатқа Семей қаласын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 12 жылу көзі жаңғыртылып, 13,6 шақырым жылу желілерін ауыстыру жұмыстары атқарылды.
Аягөз қаласында екі айдың ішінде (тамыз-қыркүйек айларында) «Орталық» қазандығында әрқайсының қуаты 10 Гкал/сағат болатын үш қазандық орнатылды. Сонымен қатар, 3,9 шақырым жылу желілері ауыстырылып, жылу мәселесі шешілді, — деді облыс әкімі Берік Уәли.
Сонымен қатар, Курчатов қаласында, Жарма, Бородулиха, Жаңасемей аудандарында тоғыз жылу көзінде және 4 шақырым жылу желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізілді.

















