• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
07.10.2026, 01:18
TURA18.KZ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
KZ | RU
  • Билік және қоғам
    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ “КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ҚОСЫЛДЫ

    Информация о конкурсе присуждения Премий для НПО

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Басқа
    • Медицина
    • Спорт
    • Өнер мен мәдениет
    • Құқық пен әділет
    • Туризм
    • Фоторепортаж
    • Бейнемедиа

Мұқаба Жаңалықтар

Журналистер Бейсен Құранбекті еске алды

Redaktor
17.11.2025, 17:56
Жаңалықтар, Спорт
Фото: Жеңіс Ысқабай

Фото: Жеңіс Ысқабай

13
қаралым
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

Жетісу жұрты аяулы перзентін ұлықтады. Биылғы 15 қараша күні Талдықорғанда БАҚ өкілдері арасында Бейсен Құранбекті еске алуға арналған футзалдан дәстүрлі республикалық турнир жоғары деңгейде өтті, деп хабарлайды Tura18.kz.  

Биыл бесінші жыл өткізіліп отырған теңбіл доп додасына еліміздің әр аймағынан, Астана мен Алматыдан шығармашыл қауым жиылды. Жиыны сегіз команда жүлдені сарапқа салды. Айта кетейік, жарыс ережесі бойынша биыл алғаш рет турнирге тек журналистер қатысады деген шешім қабылданды. Техникалық қызметкерге қақпаға тұруға рұқсат етілді. Мұндай шешімді республиканың барлық БАҚ өкілдері қуана қолдады рас.

Бұрын көп жарыста журналистер шетте қарап тұрып, «футболистер» доп тебетін. Жетісудің бұл бастамасы өте дұрыс болды. Барлық команданың құрамы, деңгейі шамалас. Бәрінде өзіміз танитын, бірге еңбек етіп жүрген әріптестер. Сондықтан да ойын қызықты, достық рәуіште өтті. Осы игілікті бастаманы үзбей, жалғастыру керек, – деді журналистер бір ауыздан.

Сонымен қызықты әрі тартысты өткен бәскелер нәтижесінде Алматының намысын қорғаған Setanta Kazakhstan командасы чемпион атанды. Белгілі журналист Бек Төлеу бастап келген астаналық Beksport командасы күміс жүлдені қанағат тұтты. Қола жүлде Сыр елінен келген «Ақмешітке» бұйырды. Төртінші орын алған ұжым да олжасыз қалған жоқ. Үздік төрттікті түйіндеген жергілікті «Қарекет» командасы қомақты ақшалай сыйлыққа ие болды. Бейсен Құранбек турнирінің басқа жарыстардан бір ерекшелігі де осы.

Сондай-ақ тамаша өнерімен көзге түскен жекелеген ойыншылар марапатталды. Көп жыл журналистика саласында жемісті еңбек етіп, қазір мемлекеттік қызметтің жүгін арқалап жүрген көкпектілік Дархан Бердібектің өнерін жанкүйерлер жоғары бағалап, оған «Жанкүйер ықыласы» аталымы берілді. «Өскемен» командасы сапында ойнаған ол бастысы жүлде емес, өзара сыйластық, достық қарым-қатынас дейді.

Жарыс әдеттегідей жоғары деңгейде өтті. Сөз жоқ. Жалпы, “турнир өткізсе Жетісу өткізсін” деген сөз бар журналистер арасында. Бұл жолы да сол межеден көріне білді жетісулық әріптестер. Жарыс әділ, ашық, таза болды. Ең бастысы жүлде емес, әріптестер арасындағы өзара сыйластық, Бейсен ағаның рухына тағзым. Жарыстың мақсаты да сол ғой, ұлтым деп өткен ұлды еске алып, өнегелі мұрасын дәріптей отырып БАҚ өкілдерінің басын қосу, достық қарым-қатынасты нығайту, салуатты өмірді насихаттау. Осы тұрғыдан алсақ Бейсен Құранбек турнирі өз миссиясын артығымен орындады, – деді Дархан Бердібек.

Турнирді ұйымдастырып, басы-қасында жүрген белгілі журналист Есболат Айдабосын жарыстың мәніне тоқталды.

Бұл турнир журналистердің бас қосуына, кәсіби байланыс орнатуына мүмкіндік береді. Командалар бір-екі күн күш сынасып, тәжірибе алмасады. Биыл қатысушылардың дайындық деңгейі де өте жоғары. Ал жарыстың жүлде қорына келсек, бірінші орынға 1 миллион теңге, екінші орынға — 700 мың теңге, үшінші орынға — 500 мың теңге, төртінші орынға 200 мың теңге ақшалай сыйлық беріледі. Сондай-ақ Бейсен Құранбектің ұстаздары Сайын Тұрсынов пен Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы арнайы жүлделер бар, алты-жеті номинация бойынша марапаттар табыс етіледі, — деді Есболат Айдабосын.

1 ден 6
- +
Тегтер: Tura18Абай облысыБАҚБейсен Құранбекспорт

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды
Аймақ тынысы

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты
Аймақ тынысы

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады
Билік және қоғам

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?
Аймақ тынысы

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар
Аймақ тынысы

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00
Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?
Аймақ тынысы

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

30.09.2026, 11:49

Ауызсудың сапасы қалай бақыланады: оған қойылатын талаптар қандай?

30.09.2026, 11:33

Семейде жаңа Smart City орталығы пайда болады

24.09.2026, 17:03

AGRON: Қазақстанда арнайы техниканы тапсырыспен құрастыратын «виртуалды зауыт» іске қосылды

02.09.2026, 17:34

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

БІЗ ТУРАЛЫ

TURA18.KZ — тәуелсіз, бейтарап әрі заманауи көзқарасты ұстанатын қоғамдық-саяси платформа. Негізгі мақсат — қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік, саяси және құқықтық процестерге терең талдау жасап, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосу, мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Семей қаласы, 071400, Қабанбай батыр көшесі, 102

Телефон: +7 707 913 6784 (WhatsApp)

Email: info@tura18.kz

TURA18.KZ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Бізге жазылыңыздар

Яндекс.Метрика
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Билік және қоғам
  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Құқық пен әділет
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Медицина
  • Спорт
  • Өнер мен мәдениет
  • Туризм
  • Фоторепортаж
  • Бейнемедиа
  • KZ
  • RU

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған