Абай облысында «Заманауи әйел: қоғам және отбасы» атты облыстық әйелдер форумы өтті, деп хабарлайды Tura18.kz.
Форумға өңірдегі іскер әйелдер, қоғам белсенділері, мемлекеттік органдар мен гендерлік саясат саласында еңбек етіп жүрген мамандар қатысты. Шара барысында Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов өңір басшысы Берік Уәлидің құттықтауын жеткізіп, форум жұмысына табыс тіледі.
Форум аясында панельдік сессия ұйымдастырылып, онда Абай облысының түрлі салада табысқа жеткен әйелдері өз жетістіктер тарихымен, тәжірибесімен және болашақ жоспарларымен бөлісті.
Шара соңында Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов өңірдің дамуына өз үлесін қосқан бірқатар әйелді облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттап, олардың еңбегін жоғары бағалады.

















