• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
07.10.2026, 01:17
TURA18.KZ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
KZ | RU
  • Билік және қоғам
    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ “КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ҚОСЫЛДЫ

    Информация о конкурсе присуждения Премий для НПО

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Басқа
    • Медицина
    • Спорт
    • Өнер мен мәдениет
    • Құқық пен әділет
    • Туризм
    • Фоторепортаж
    • Бейнемедиа

Мұқаба Жаңалықтар Аймақ тынысы

Семейде Шымкент қаласының мәдениет күндері өтті

Redaktor
01.12.2025, 09:22
Аймақ тынысы, Жаңалықтар, Өнер мен мәдениет
Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

30
қаралым
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

Екі күнге созылған Шымкент қаласының мәдени күндері аясында бүгін Семейдегі Абай атындағы драма театрда «Шежірелі Шымкенттен – Ұлы Абай еліне» атты концерттік бағдарлама ұсынылды, деп хабарлайды Tura18.kz.

Гала-концерт алдында облыс әкімі Берік Уәли мен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек құттықтау сөз сөйледі. Аймақ басшысы оңтүстіктен келген қонақтарға, 200-ге жуық адамнан құралған арнайы делегацияны, өнерпаздарды жіберген Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековке
алғысын жеткізді.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек өз сөзінде екі өңірдің ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтіп, қонақжайлық танытып, жылы қарсы алғаны үшін алғысын білдірді.

Концертте Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі, Шымкент цирк эстрадалық оркестрі, «Қаған» этно-фольклорлық ансамблі, «Қазына» халық би ансамблі, «Өркен» тобы, дәстүрлі әншілер және танымал эстрада жұлдыздары Ғазизхан Шекербеков, Бағылан Жолдасов пен Бота Әлімхан өнер көрсетіп, Шәмшінің әндерін әуелетіп, Сүгірдің күйлерін күмбірлетті.

Қасиетті Абай еліне, Семей жеріне, тұңғыштар мекеніне қош келдіңіздер. Сіздерді Абай облысының шырайлы топырағында, мәдениетіміздің алтын қазынасына толы өлкемізде қарсы алу біз үшін үлкен қуаныш әрі мәртебе. Абай облысындағы Шымкент қаласының мәдени күндері – екі елдің өнері мен мәдениетін нығайтып, рухани байланыстарымызды тереңдететін тамаша мүмкіндік. Бұл сапарларыңыз екі облыстың мәдениет саласы арасындағы достық пен ынтымақтастықты жаңа белестерге көтеріп, шығармашылық байланыстарымызды одан әрі кеңейтеді деп сенемін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың үш жарым жыл бұрынғы тарихи шешімі, яғни әділдік орнатып, Абай облысын қайта құруы өңіріміздің тынысын ашып, көкжиегін кеңейтіп жатыр. Оған дәлел Абайдың 180 жылдығы аясында осымен төртінші облыстың өнерпаздары келіп, өнерлерін паш етіп, бұдан бөлек ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтіп, өңірлер арасында ынтымақтастық нығаюда. Қазан айында Шымкент қаласында Абай облысының мәдени күндері жоғары деңгейде өткен болатын. Сол сапар барысында Абай саябағына Тұрағұл Абайұлына ескерткіш тақта орнатылып, Шымкенттің көрермендері Абай театры сахналаған «Абай айтқан Еңлік – Кебек» қойылымын тамашалады. Бұл – екі облыстың өнерпаздары арасындағы бір – біріне деген құрметтің одан әрі күшеюіне үлкен септігін тигізді. Осы мәдени іс-шаралардың бәріне атсалысып, ұйымдастыруға үлес қосқан әріптесім Ғабит Әбдімажитұлына облыс жұртшылығы атынан айрықша алғысымды айтқым келеді. Абайдың 180 жылдығына орай Президенттің бастамасымен іске асып жатқан «Абайға құрмет» акциясын алғашқылардың бірі болып Шымкент қаласы қолдады. Семейге екі бірдей ғимарат салып бергелі отыр. Оның бірі Шығармашылық орталығы болса, енді бірі мәдениет үйі. Екі өңір арасындағы ынтымақтастық мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта жалғасын табады, – деді облыс әкімі.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек өз сөзінде екі өңірдің ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтіп, қонақжайлық танытып, жылы қарсы алғаны үшін алғысын білдірді.

Абай атамыздың 180 жылдық мерейтойы аясында шымкенттіктер осы өңірге осымен 4-інші рет келіп отырған жайымыз бар. Алғаш рет тамыз айында дүбірлі тойға келсек, екінші мәрте қыркүйек айында Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық драма театры Семейде Абайдың өлеңдерінің негізінде «Желсіз түнде жарық ай» деп аталатын инценировканы қойған болатын. Сонымен қатар Шымкент қаласының музейлері мен кітапханалары арнайы келіп, көрме өткізді. Енді, міне, төртінші сапарда, ұлы ақынның 180 жылдығына символикалық мәнге ие 180 өнерпазбен келіп отырмыз, — деді ол.

Концертте Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі, Шымкент цирк эстрадалық оркестрі, «Қаған» этно-фольклорлық ансамблі, «Қазына» халық би ансамблі, «Өркен» тобы, дәстүрлі әншілер және танымал эстрада жұлдыздары Ғазизхан Шекербеков, Бағылан Жолдасов пен Бота Әлімхан өнер көрсетіп, Шәмшінің әндерін әуелетіп, Сүгірдің күйлерін күмбірлетті.

Гала-концерт алдында жұртшылық Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрында «Көне қала – Шымкент» тақырыптық көрмесін тамашалады. Экспозиция үш бөлімнен — «Көне Шымкент тарихы», «Этнография» және тарихи фотосуреттер топтамасынан құралған. Көрме барысында 2200 жылдық тарихы бар шаһардың көне дәуірден бүгінге дейінгі мәдени дамуы, археологиялық мұралары және рухани құндылықтары таныстырылды.

Тегтер: Tura18Абай облысыБерік Уәли

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды
Аймақ тынысы

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты
Аймақ тынысы

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады
Билік және қоғам

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?
Аймақ тынысы

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар
Аймақ тынысы

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00
Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?
Аймақ тынысы

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

30.09.2026, 11:49

Ауызсудың сапасы қалай бақыланады: оған қойылатын талаптар қандай?

30.09.2026, 11:33

Семейде жаңа Smart City орталығы пайда болады

24.09.2026, 17:03

AGRON: Қазақстанда арнайы техниканы тапсырыспен құрастыратын «виртуалды зауыт» іске қосылды

02.09.2026, 17:34

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

БІЗ ТУРАЛЫ

TURA18.KZ — тәуелсіз, бейтарап әрі заманауи көзқарасты ұстанатын қоғамдық-саяси платформа. Негізгі мақсат — қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік, саяси және құқықтық процестерге терең талдау жасап, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосу, мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Семей қаласы, 071400, Қабанбай батыр көшесі, 102

Телефон: +7 707 913 6784 (WhatsApp)

Email: info@tura18.kz

TURA18.KZ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Бізге жазылыңыздар

Яндекс.Метрика
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Билік және қоғам
  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Құқық пен әділет
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Медицина
  • Спорт
  • Өнер мен мәдениет
  • Туризм
  • Фоторепортаж
  • Бейнемедиа
  • KZ
  • RU

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған