Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданындағы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» кесенесіне баратын жолдағы көпірдің жағдайын тексерді, деп хабарлайды Tura18.kz.
Тарлаулы ауылдық округі маңында орналасқан көпір 2014 жылы салынған. Былтыр көктемде Аягөз өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан көпір бүлініп, жүргізілген техникалық сараптама оның апатты жағдайда екенін анықтады. Қазір көпірді қайта салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр. Жоба 31 желтоқсанға дейін аяқталады. Облыс әкімі тарихи нысанға апаратын жолдың сапасы маңызды екенін атап өтті.
Құжаттама толық әзір болғаннан кейін келер жылы қаржы бөліп, көпір құрылысына кірісеміз, – деді ол.
Сапар барысында аймақ басшысы VIII–IX ғасырларға жататын, республикалық маңызы бар «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» кесенесіне де барды. Тарихи ескерткіш Тарлаулы ауылынан 6 шақырым жерде орналасқан. 2014 жылы кесенеге апаратын 13 км жол мен Аягөз өзенінен өтетін көпір салынып, туристік бағыттың инфрақұрылымы жаңғыртылған.

















