Абай ауданының Архат, Құндызды, Кеңгірбай би және Медеу ауылдарында су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Tura18.kz.
Жыл соңына дейін Медеу ауылдық округіндегі су құбырының құрылысы толық аяқталып, пайдалануға беру жоспарланған. Мемлекеттің арнайы қоры есебінен тамыз айында басталған жоба қазір аяқталу сатысында. Қазір ол жерде бес техника мен 25 жұмысшы жұмыс істеп жатыр. Су тарту толық аяқталды. Су мұнарасы тұрғызылып, ұңғымаға фильтр орнату аяқталуға жақын.
Сонымен қатар «Риза» шаруа қожалығымен бірлесе отырып, ауыл тұрғындары үйге су кіргізу жұмысын жүргізуде.

















