Қазақстанда мұнай өнімдеріне арналған жаңа акциз мөлшерлемелері жарияланды. Соған сәйкес келер жылдан бастап бензин, дизель отыны және басқа да жанармай түрлерінің бағасы көтеріледі, деп хабарлайды Tura18.kz.
2025 жылғы 5 желтоқсанында Үкімет қаулысымен бензинге (авиацияға қолданатын отыннан басқа), дизельге, газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутек қоспаларына және экологиялық отынға арналған акциз мөлшерлемелері белгіленді.
Акциздердің келесі мөлшерлемелері анықталды:
Көтерме саудада:
- бензин – тоннасына 38 134 теңге;
- дизель отыны – тоннасына 35 726 теңге;
- газохол, бензанол, нефрас, жеңіл көмірсутектер қоспасы және экологиялық отын – тоннасына 38 134 теңге.
Бөлшек саудада:
- бензин – тоннасы 38 634 теңге;
- дизель отыны – тоннасы 35 726 теңге;
- газохол, бензанол, нефрас, жеңіл көмірсутектер қоспасы және экологиялық отын – тоннасы 38 634 теңге.
Импорт кезінде:
- бензин – тоннасы 38 134 теңге;
- дизель отыны – тоннасы 35 726 теңге;
- газохол, бензанол, нефрас, жеңіл көмірсутектер қоспасы және экологиялық отын – тоннасы 38 134 теңге.
Қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

















