Абай облысында жүргізіліп жатқан «Браконьер» жедел-профилактикалық шарасы барысында заңсыз балық аулауға қатысы бар азамат анықталды, деп хабарлайды Tura18.kz.
Зайсан көлінің солтүстік-батысындағы Еркінбек аймағында Көкпекті ауданының 37 жастағы тұрғыны рұқсатсыз балық аулап жатқан жерінен ұсталды. Алдын ала есепке сәйкес, табиғатқа келтірілген шығын көлемі 415 195 теңге деп бағаланған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Оқиға орнын тексеру кезінде құқық қорғау қызметкерлері металл қайықты, моторды, екі ескекті, жанармайы бар бензобақты, Қытайда өндірілген екі балық аулау торын және әртүрлі балық түрлері мен өзге де айғақ заттарды тәркіледі. Қазір күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде келу туралы міндеттеме белгіленген.
Полиция өкілдері су биоресурстарын заңсыз аулау қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін тағы бір мәрте ескертіп отыр.

















