• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
07.10.2026, 02:46
TURA18.KZ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
KZ | RU
  • Билік және қоғам
    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ “КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ҚОСЫЛДЫ

    Информация о конкурсе присуждения Премий для НПО

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Басқа
    • Медицина
    • Спорт
    • Өнер мен мәдениет
    • Құқық пен әділет
    • Туризм
    • Фоторепортаж
    • Бейнемедиа

Мұқаба Жаңалықтар Билік және қоғам

Берік Уәли Омбыда өткен «Ертіс: достық өзені – даму өзені» форумында сөз сөйледі

Redaktor
12.12.2025, 14:20
Билік және қоғам, Жаңалықтар
Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

2
қаралым
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

Абай облысының әкімі Берік Уәли бастаған делегация Ресейдің Омбы қаласында өтіп жатқан «Ертіс: достық өзені – даму өзені» VII халықаралық туристік-көліктік форумына қатысты. Іс-шараға Ресей, Қазақстан және Қытайдан жетекші сарапшылар, мемлекеттік орган өкілдері, кәсіпкерлер, кеме қатынасы мен көлік логистикасы саласының мамандары, сондай-ақ Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарынан делегациялар келді, деп хабарлайды Tura18.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шілде айында Омбы облысы Үкіметінің вице-премьері Андрей Шпиленко бастаған делегация Абай облысына келген. Кездесу нәтижесінде Ертіс өзенін бірлесіп пайдалану мен дамыту туралы хаттамаға және 2025–2028 жылдарға арналған халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстар жоспарына қол қойылды. Құжат туризм саласындағы бірнеше жобаны қамтиды.

Форумның пленарлық отырысында Берік Уәли Абай облысының келісімдерді жүзеге асыруға дайын екенін айтып, өңірдің өндірістік және туристік әлеуетін таныстырды. Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценкоға көрсеткен қонақжайлық үшін алғыс білдірді.

Облыс әкімі Ресей мен Қазақстанның тарихи байланыстары мен экономикалық әріптестігін атап өтіп, трансшекаралық туристік маршруттар құруды, ортақ бренд аясында ілгерілету мүмкіндігін ұсынды. Сондай-ақ гидтерді даярлау, мәдени туризм мамандарын оқыту, бірлескен көрмелер, фестивальдер, тарихи реконструкциялар ұйымдастыру және тәжірибе алмасуды жандандыру қажеттігін айтты.

Ресей – Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі және еліміздің экономикасына үлес қосушы жетекші инвесторлардың алғашқы үштігіне кіреді. Қос мемлекетте де инвесторларды қолдау үшін барлық қажетті жағдай жасалып, бизнес жүргізуге қолайлы орта қалыптасқан. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей: «Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастардың өткен тарихы бай, болашағы жарқын». Біздің өңір Ресейдің шекаралас облыстарымен тығыз байланыс орнатқан. Сауда-экономикалық қатынастар қарқынды дамып, мәдениет пен білім беру салаларындағы ынтымақтастық нығайып келеді. Өңірлеріміздің тарихи мұрасын ескере отырып, трансшекаралық туристік маршруттар құруды және оларды танымал халықаралық бағыттар деңгейінде танылатындай бірлескен бренд аясында ілгерілетуді ұсынамыз. Біз туристік компаниялар үшін Ертіс маңымен ғана шектелмей, облысымыздың бүкіл аумағын қамтитын ақпараттық турларды ұйымдастыруға дайынбыз, — деді облыс әкімі.

Форум қорытындысында Берік Уәли мен Виталий Хоценко мәдениет саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды.

Абай облысының Ресеймен тауар айналымы артып келеді: биылғы үшінші тоқсанда көрсеткіш 823,4 млн АҚШ долларын құрап, былтырғы деңгейден екі есе жоғары болды. Өңірде ресейлік капиталдың қатысуымен 178 кәсіпорын жұмыс істейді.

Форум алдында облыс делегациясы Ертіс өзеніне арналған фотокөрмені, Омбы ұйымдарының иммерсивті шоуын, жергілікті дизайнерлер көрсетілімін және туристік көрмені тамашалады.

Тегтер: Tura18Абай облысыБерік УәлиОмбыРесейфорум

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды
Аймақ тынысы

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты
Аймақ тынысы

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады
Билік және қоғам

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?
Аймақ тынысы

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар
Аймақ тынысы

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00
Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?
Аймақ тынысы

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

30.09.2026, 11:49

Ауызсудың сапасы қалай бақыланады: оған қойылатын талаптар қандай?

30.09.2026, 11:33

Семейде жаңа Smart City орталығы пайда болады

24.09.2026, 17:03

AGRON: Қазақстанда арнайы техниканы тапсырыспен құрастыратын «виртуалды зауыт» іске қосылды

02.09.2026, 17:34

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

БІЗ ТУРАЛЫ

TURA18.KZ — тәуелсіз, бейтарап әрі заманауи көзқарасты ұстанатын қоғамдық-саяси платформа. Негізгі мақсат — қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік, саяси және құқықтық процестерге терең талдау жасап, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосу, мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Семей қаласы, 071400, Қабанбай батыр көшесі, 102

Телефон: +7 707 913 6784 (WhatsApp)

Email: info@tura18.kz

TURA18.KZ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Бізге жазылыңыздар

Яндекс.Метрика
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Билік және қоғам
  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Құқық пен әділет
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Медицина
  • Спорт
  • Өнер мен мәдениет
  • Туризм
  • Фоторепортаж
  • Бейнемедиа
  • KZ
  • RU

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған