Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы ыстық суға қатысты өзекті мәселені шешу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tura18.kz.
Аймақ басшысының айтуынша, қала көшелерінде жүргізіліп жатқан қазу және құбыр тарту жұмыстары жүйені жаңартуға бағытталған нақты қадамдар.
Көше қазылып, құбырлар салынып жатса, бұл – жұмыс жүріп жатыр деген сөз. Біз мәселені уақытша емес, түбегейлі шешуді көздеп отырмыз, – деді облыс әкімі.
Сонымен қатар, Берік Уәли жылу және ыстық су жүйесіндегі құбырлардың басым бөлігі әбден тозғанын атап өтіп, оларды кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Жобалар толық іске асқан жағдайда, қала тұрғындары тұрақты әрі сапалы ыстық сумен қамтылатын болады.

















