Оның айтуынша, қазір елімізде спутниктік интернет қызметін көрсететін үш оператор жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта олардың қатарын тағы екі оператор толықтырмақ.
Шалғай елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету мәселесі спутниктік байланыс жобалары арқылы шешіліп жатыр. Қазір Қазақстанда 3 спутниктік интернет операторы жұмыс істейді. Таяу уақытта тағы 2 шетелдік компания пайда болады. Олар бойынша пилоттық сынақты осы жылы өткізу жоспарланған, — деді Жаслан Мәдиев.
Бұған қоса ведомство басшысы биыл кейбір пойыздар мен ұшақтарда спутник интернеті қосылатынын атап өтті. Елді мекендерге интернет тарту жұмысы жергілікті қазына есебінен жүргізілмек.
Байланыс мүлде жоқ аумақтарда туристік және қолжетімділігі қиын жерлерді спутник интернетпен қамтамасыз ету міндеті жергілікті бюджет қаражаты есебінен әкімдіктерге жүктеледі, – деп қосты ол.

















