Бұл лауазымға қала әкімінің өкімімен конкурстық рәсімдер нәтижесінде Дархан Дүйсембаев тағайындалды, деп хабарлайды Tura18.kz.
Дархан Бердібекұлы 1988 жылғы 29 қарашада Көкпекті ауданы Егінбұлақ ауылында дүниеге келген. 2012 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, 2019 жылы Әлихан Бөкейхан университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары Дархан Бердібекұлы Көкпекті ауданы Ұзынбұлақ орта мектебінің мұғалімі, Көкпекті аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тіл маманы, Көкпекті аудандық «Жұлдыз — Новая жизнь» газетінің тілшісі, бас редакторының орынбасары, директор-бас редакторы, Көкпекті аудандық Жастар орталығының директоры, Көкпекті аудандық «Ұлттық спорт ойындары орталығы» директорының орынбасары болып жұмыс істеген.
Тағайындауға дейін ол Көкпекті ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

















