Семейде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті.
Тазалық шарасы барысында қала көшелері, саябақтар мен қоғамдық орындар, тұрғын үйлердің ауласы ретке келтіріліп, қоқыс қалдықтары шығарылды. Сонымен қатар рұқсатсыз жиналған қоқыс орындары жойылып, арық жүйелерін тазалау жұмысы жүргізілді.
Экологиялық бастамаға қала тұрғындары, еріктілер, жастар ұйымдары мен түрлі мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға үлес қосты.














