«Абай жастары» облыстық жастар ресурстық орталығының директоры қызметіне Алиби Абдураимов тағайындалды, деп хабарлайды Tura18.kz.
Алиби Батыржанұлы Абдураимов 1996 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Ол Шәкәрім университетінде білім алып, бакалавр және магистр дәрежесін тәмамдаған.
Жаңа басшы қоғамдық жұмыстарға белсенді араласқан. Ол Amanat партиясының, «Семей жастар ассамблеясы», «Парасат» интеллектуалды дебат клубы және өзге де жастар ұйымдарының мүшесі болған. Сонымен қатар қоғамдық бастамалар мен маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысқан.
Еңбек жолында Семей қаласы Шәкәрім университетінің қамтамасыз ету бөлімінде маман, «Кайнар» ЖШС-де денешынықтыру пәнінің мұғалімі, сондай-ақ Alikhan Bokeikhan University-дің рухани-патриоттық тәрбие бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. Бұдан бөлек, «Шығыс Жастары» және «Ertis region 18» қоғамдық қорларын басқарған.
Айта кетейік, Алиби Абдураимов бұған дейін Семей қалалық мәслихатының депутаты болған.














