Көпшілік демалатын орын Көкпекті өзенінің жағалауында орналасқан. Бұл – облыстағы Алакөлден кейінгі талапқа сай жабдықталған екінші жағажай, деп хабарлайды Tura18.kz.
Жаңадан ашылған жағажайдың аумағында киім ауыстыру кабиналары орнатылып, күнқағарлар қойылған, санитарлық тораптар және жуынатын орындар да қарастырылған. Жағажай күн сайын сағат 11.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Судағы қауіпсіздікті сақтау үшін арнайы даярлықтан өткен құтқарушылар тобы тұрақты кезекшілік етеді.
Нысанның ашылуына аудан әкімі Әділет Қожанбаев қатысып, тұрғындарды құттықтады. Аудан басшысы жағажайдың таза әрі ұқыпты сақталуы баршаға ортақ жауапкершілік екенін атап өтті.

















