• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
07.10.2026, 04:11
TURA18.KZ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
KZ | RU
  • Билік және қоғам
    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ “КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ҚОСЫЛДЫ

    Информация о конкурсе присуждения Премий для НПО

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Басқа
    • Медицина
    • Спорт
    • Өнер мен мәдениет
    • Құқық пен әділет
    • Туризм
    • Фоторепортаж
    • Бейнемедиа

Мұқаба Жаңалықтар Аймақ тынысы

Бородулиха ауданында инфрақұрылым жаңғыртылып, әлеуметтік нысандар салынады

Redaktor
24.06.2025, 20:20
Аймақ тынысы, Жаңалықтар
Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

6
қаралым
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

Абай облысының әкімі Берік Уәли Бородулиха ауданында өңірдің әлеуметтік—экономикалық дамуы және алдағы жоспарлар туралы халыққа есеп берді. Бұл – аймақ басшысының аудандардағы алғашқы есептік кездесуі, деп хабарлайды Tura18.kz.

Жиында алдымен аудан әкімі Айдар Ибраев Бородулиха ауданының 2024-2025 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады.

Одан соң облыс әкімі өңірді дамытуға бағытталған жұмыстар туралы баяндап, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге тоқталды. Аймақ басшысы жол, ауыз су, жарықтандыру, тозығы жеткен әлеуметтік нысандар, мектептердегі орын тапшылығы, медицина, мәдениет және интернет мәселелері халыққа ең қажетті әрі шешімін күткен істер екенін атап өтті.

Барлық салада өсім бар

Тағайындалған күннен бастап барлық аудан, қалаларда, оның ішінде шалғай ауылдарда, бұрынғы аудан орталықтарында болдым. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, маңызды мәселелерді Мемлекет басшысына баяндадым. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қордаланған түйткілдерді кезең-кезеңімен шешу қажеттігін атап өтті. Осы бағытта Үкіметпен бірлесіп кешенді жұмыстарды қолға алдық, – деді аймақ басшысы.

Өңір басшысы облыс экономикасының барлық саласында оң өсім бар екенін айтты. Былтыр жалпы өңірлік өнім көлемі 3,2 трлн теңгеге жетіп, 4,3% өсім көрсеткен.

Жылу және ауызсу жүйелерінің тозуы, жолдардың сапасы, әлеуметтік нысандардың жағдайы – облыс әкімінің назарындағы негізгі мәселелер қатарында. Биыл 26 ауызсу жобасы іске асырылады, 358 шақырым жол жөнделеді. Сондай-ақ 1140 пәтер сатып алынып, халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі. Бородулиха ауданында 48 пәтер тұрғындардың игілігіне тапсырылмақ.

Клуб пен алғашқы медициналық нысандар салынады

Переменовка ауылында су желілерінің құрылысы, Камышенка ауылында клуб салу, Петропавловкада спорт-сауықтыру орталығының құрылысы және Зенковка, Белағаш, Новопокровка, Петропавловка ауылдарында алғашқы медициналық көмек нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетіні айтылды. Биыл Жаңа Шүлбі ауылындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы ғимаратының шатырына, қазандығына және жылу жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылады.

Облыста білім беру мен денсаулық сақтау нысандарына ерекше көңіл бөлінуде. Аймақ басшысының айтуынша, өңір мектептерінің 64-і бейімделген ғимараттарда орналасқан. 3 мектеп апатты жағдайда. Алдағы үш жылда 75 мектепті реновациядан өткізу жоспарланған. Биыл 9 мектепке жөндеу басталады.

Әлихан Бөкейханов мектебіне жаңа автобус беріледі

Ерекше атап өтерлігі, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Бородулиха ауданының Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ мектебіне жаңа автобус, ғимараттың терезелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат қарастырылып жатыр. Ауданның 11 мектебіне интерактивті панельдер мен пәндік кабинет сатып алуға 21,9 млн.теңге бөлініп отыр. Алдағы үш жыл ішінде Бородулиха ауданындағы Буркотово, Андроновка, Песчанка ауылдарында медициналық-санитарлық көмек нысандарын салу үшін қаражат бөлу мәселесі қарастырылып жатыр.

Аудандағы ең өзекті мәселенің бірі – жол. Аудандағы жолдарды рет-ретімен жөндейміз. Кейбіреуін биыл, кейбіреуін келесі жылы бастаймыз. Бородулиха ауданының медицина, мәдениет, спорт саласындағы қажеттіліктерінің барлығын бюджетке енгізіп, кезең-кезеңімен шешетін боламыз, – деді аймақ басшысы.

Гемодиализ орталығы бой көтереді

Шалғай елді мекендердегі науқастарға ыңғайлы болу үшін былтыр Ақсуат ауданында гемодиализ орталығы ашылды. Биыл Бородулиха ауданында қосымша 1 гемодиализ орталығын салу жоспарда бар.

Ауданға осымен үшінші мәрте келіп отырмын. Бұл аудандағы барлық өзекті мәселелерді, халықтың өтініштерін, арыз-шағымын, ұсыныстарын үнемі бақылауда ұстап отырамын. Бородулиха – облыс орталығына жақын орналасқан, ауыл шаруашылығы әлеуеті өте жоғары аудан. Қарағайлы орман да осы ауданның аумағында. Ауданды дамыту бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырамыз, – деді облыс әкімі.

Кездесу соңында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, сұрақтарға жауап берілді. Аймақ басшысы өңірді дамыту бағытындағы бастамалар жалғаса беретінін жеткізді.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: Абай облысыБородулиха ауданыөңірлік даму

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды
Аймақ тынысы

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты
Аймақ тынысы

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады
Билік және қоғам

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?
Аймақ тынысы

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар
Аймақ тынысы

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00
Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?
Аймақ тынысы

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

30.09.2026, 11:49

Ауызсудың сапасы қалай бақыланады: оған қойылатын талаптар қандай?

30.09.2026, 11:33

Семейде жаңа Smart City орталығы пайда болады

24.09.2026, 17:03

AGRON: Қазақстанда арнайы техниканы тапсырыспен құрастыратын «виртуалды зауыт» іске қосылды

02.09.2026, 17:34

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

БІЗ ТУРАЛЫ

TURA18.KZ — тәуелсіз, бейтарап әрі заманауи көзқарасты ұстанатын қоғамдық-саяси платформа. Негізгі мақсат — қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік, саяси және құқықтық процестерге терең талдау жасап, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосу, мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Семей қаласы, 071400, Қабанбай батыр көшесі, 102

Телефон: +7 707 913 6784 (WhatsApp)

Email: info@tura18.kz

TURA18.KZ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Бізге жазылыңыздар

Яндекс.Метрика
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Билік және қоғам
  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Құқық пен әділет
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Медицина
  • Спорт
  • Өнер мен мәдениет
  • Туризм
  • Фоторепортаж
  • Бейнемедиа
  • KZ
  • RU

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған