• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
07.10.2026, 03:32
TURA18.KZ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
KZ | RU
  • Билік және қоғам
    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ “КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ҚОСЫЛДЫ

    Информация о конкурсе присуждения Премий для НПО

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Басқа
    • Медицина
    • Спорт
    • Өнер мен мәдениет
    • Құқық пен әділет
    • Туризм
    • Фоторепортаж
    • Бейнемедиа

Мұқаба Жаңалықтар

Берік Уәли: Қоғамның санасына сәуле түсірген журналистер қауымы қандай құрметке де лайық

Redaktor
27.06.2025, 10:29
Жаңалықтар
Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

9
қаралым
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

Абай облысында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға облыс әкімі Берік Уәли қатысып, өңір журналистерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Tura18.kz.

Қаламына адал қауым

Біз сіздерді өткір ой мен өрелі пікірдің жаршысы, ақиқат пен әділдіктің сенімді қорғаны ретінде ерекше құрметтейміз. Бағалаймыз. Өздеріңізді ақпарат тарату құралы ретінде ғана емес, қоғамдық пікірдің қайнар көзі, жалпы жұртшылықтың жанашыры, билікке бұқараның жанайқайын жеткізуші деп білемін. Облыс әкімдігі сіздермен сындарлы әрі тұрақты диалог орнатуға әрдайым дайын. Оның себебін өздеріңіз де жақсы білесіздер, мен де қаламына адал журналистер қауымының арасынан шықтым. Сондықтан сіздерді үнемі өзіме жақын көремін. Бүгінгідей мерейлі күні қоғам санасына сәуле түсіріп, көкейдегі күрделі сауалға жауап іздеген мамандық иелеріне құрмет көрсетілуі заңдылық деп есептеймін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Түптеп келгенде, мемлекет те, журналист те ұлт үшін қызмет етеді, ел тағдырын шешуге атсалысады. Өйткені, ұлт баспасөзі мен ұлт мүддесі қай кезде де өзектес болған. Қазір де солай. Біздің мақсат-мұратымыз – ортақ. Бұл – баршаға тең мүмкіндіктер беретін Әділетті Қазақстанды құру» деп ерекше атап өткен болатын. Бұл – ақпарат майданында еңбек етіп жүрген барша журналистерге берілген жоғары баға. Осы орайда қалам иелері қоғамның тамыр соғысын дөп басып, қоғамдық сана мен пікір қалыптастыруда аянбай еңбек етіп келеді. Өздеріңізге жүктелген жауапты міндетті абыроймен атқарып жүргендеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін, – деді аймақ басшысы.

«Құрметке» бөленді

Облыс әкімі «халықтың көзі, құлағы һәм тілі» саналатын бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекет пен қоғам арасындағы дәнекер ретіндегі рөлін айрықша атап өтті. Биыл өңірлік ақпарат саласындағы бірқатар басылым – «Аягөз жаңалықтары» газетінің 95 жылдығы, «Абай елі» газетінің 90 жылдығы, «SEMEI» телеарнасының 60 жылдығы секілді мерейлі белестерге қадам басып отыр.

Шара барысында Президенттің 2025 жылғы 24 маусымдағы Жарлығына сәйкес еліміздің журналистика саласының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «Семей таңы» газетінің бас редакторы Риза Асанқызы Молдашева мен «SEMEI» телеарнасының бас редакторы Сайра Қажыоспанқызы Нүсіпбаева «Құрмет» орденімен наградталды. «Abay Media Group» ЖШС директоры Мирас Миратұлы Малғаждаров «Шапағат» медалімен марапатталды. Айта кетейік, өңірге белгілі тілші Вера Кропачева Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алған.

Бұдан бөлек Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісі Ризвангүл Мұхамедоваға, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі Айман Шәріпхановаға («Вести Семей» газеті), Кәусар Арықханқызына («Қалба тынысы» газеті), Сая Семейхановаға («SEMEI» телеарнасы) табысталды.

Кәсіби мереке қарсаңында облыс әкімінің жүлдесі «Журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» байқауының жеңімпаздары «Әділетті Қазақстан», «Еңбек адамы», «Мерейлі отбасы», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Таза Қазақстан», «Ауыл – ел бесігі», «Білімді ұлт», «Дені сау ұлт», «Объективтегі өмір», «Киелі Абай елі» сынды 10 номинация бойынша марапатталды. Сонымен қатар облыс әкімінің арнайы сыйлығы және алғыс хаты БАҚ ұжымдарына, журналистерге табысталды.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: Tura18Абай облысыБАҚкәсіби мереке

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды
Аймақ тынысы

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты
Аймақ тынысы

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады
Билік және қоғам

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?
Аймақ тынысы

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар
Аймақ тынысы

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00
Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?
Аймақ тынысы

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

30.09.2026, 11:49

Ауызсудың сапасы қалай бақыланады: оған қойылатын талаптар қандай?

30.09.2026, 11:33

Семейде жаңа Smart City орталығы пайда болады

24.09.2026, 17:03

AGRON: Қазақстанда арнайы техниканы тапсырыспен құрастыратын «виртуалды зауыт» іске қосылды

02.09.2026, 17:34

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

БІЗ ТУРАЛЫ

TURA18.KZ — тәуелсіз, бейтарап әрі заманауи көзқарасты ұстанатын қоғамдық-саяси платформа. Негізгі мақсат — қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік, саяси және құқықтық процестерге терең талдау жасап, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосу, мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Семей қаласы, 071400, Қабанбай батыр көшесі, 102

Телефон: +7 707 913 6784 (WhatsApp)

Email: info@tura18.kz

TURA18.KZ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Бізге жазылыңыздар

Яндекс.Метрика
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Билік және қоғам
  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Құқық пен әділет
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Медицина
  • Спорт
  • Өнер мен мәдениет
  • Туризм
  • Фоторепортаж
  • Бейнемедиа
  • KZ
  • RU

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған