• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
07.10.2026, 01:17
TURA18.KZ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
KZ | RU
  • Билік және қоғам
    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ “КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ҚОСЫЛДЫ

    Информация о конкурсе присуждения Премий для НПО

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Басқа
    • Медицина
    • Спорт
    • Өнер мен мәдениет
    • Құқық пен әділет
    • Туризм
    • Фоторепортаж
    • Бейнемедиа

Мұқаба Жаңалықтар Аудан айнасы

Көкпектідегі тойда көлік үлестірді

Redaktor
16.07.2025, 10:29
Аудан айнасы, Жаңалықтар, Өнер мен мәдениет
30
қаралым
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

«Көркейген өлке – Көкпекті» спорт және мәдениет фестивалі аясында республикалық бәйге өтті. Толағай тауының бөктері желмен жарысқан тұлпарлар тұяғының дүбіріне толып, атсүйер қауымның айқай-шуына ұласты. Бағы мен бабы қатар шапқан жүйріктер алқалы топтың құрмет—қошеметіне бөленді, деп хабарлайды Tura18.kz.

Бәйгенің төресі – аламан. Бұл жолғы аламанның жөні тым бөлек еді.  «Толағай тұлпары» деген атауға ие ат жарысы Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай 80 шақырым қашықтыққа созылды. «Жылқыда да жылқы бар қазанаты бір басқа» демекші, болат тұяқ, қамыс құлақ, тоқпақ жал қазақтың жабылары топтан озып, олжа салған сәт те осы болды. Ұлы аламанның бас жүлдесіне жеңіл автокөлік тігілді. Дәлірек айтсақ, Ақсуат ауданының атынан Тастекеевтер әулеті 80 шақырым бәйгенің бас жүлдесіне «Changan X5» маркалы жеңіл мәшін қойды. Одан бөлек жеті орынға дейін қомақты жүлде тағайындалды. Аттың тері мен шабандоздың еңбегі еш кетпеді.

Ұзаққа талмай шапқан шын жүйріктердің ішінен Көкпекті ауданының «Көксала» атты тұлпары суырылып шығып, мәреге алдымен жетті. Сөйтіп Ақсуаттық атымтай әулет Тастекеевтердің көлігі той иелерінде қалды.

Сонымен қатар 5 шақырымдық тай жарысына қатысқандар да сый-құрметсіз қалған жоқ. Бұл бәйгеде «Көкпекті» ауыл шаруашылық қоры бес орынға дейін жүлде тағайындады.

15 шақырымға созылған топ бәйгенің бас жүлдесіне Көкпекті ауданы, Биғаш ауылының тумалары, белгілі кәсіпкерлер Қайрат және Қайырлы Көпесовтер автокөлік тікті. Бас жүлде Алматы қаласынан келген «Қамбарқасқа» атты сәйгүлікке бұйырды. Қылқұйрықтың бапкері – Ержан Ақтасов, ал шабандозы – Абзал Тұрмыс. Жеңімпазға «Chevrolet Cobalt» автокөлігінің кілтін Көпесовтар әулеті атынан Аман Қайратұлы арнайы табыстады. Бұл бәйгеде де бес орынға дейін жүлде берілгенін айта кету керек.

Жанкүйер жұрттың делебесін қоздырған тағы бір бәйге – 30 шақырымдық аламан. «Көкпекті» ауыл шаруашылығы қоры аламанның бас бәйгесіне «Chevrolet Monza» автокөлігін тікті және бес орынға дейін жүлде тағайындады. 30 шақырымдық ат жарысында қалың топтан суырылып шығып, қарағандылық Бақторы атты қылқұйрық келді. Иесі – Жандос Мақсатұлы, бапкері – Ерболат, шабондоз – Бағжан.

Иә, Көкпектідегі аламанды көрген жұрт көпке дейін айтып жүрері сөзсіз. Жылқы көрсе қаны қызып, арқасы қозбайтын қазақ кем. Тұлпардың дүбірін естісе елеңдеп, еліріп кететін де осы қазақ. Ендеше бұл жолғы бәйге де рухымызды көтеріп, ұлттық мұрамызды ұлықтай алды.

Тегтер: Tura18Абай-180Көркейкен өлкен Көкпектімәдениетспорт

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды
Аймақ тынысы

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты
Аймақ тынысы

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады
Билік және қоғам

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?
Аймақ тынысы

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар
Аймақ тынысы

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00
Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?
Аймақ тынысы

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

30.09.2026, 11:49

Ауызсудың сапасы қалай бақыланады: оған қойылатын талаптар қандай?

30.09.2026, 11:33

Семейде жаңа Smart City орталығы пайда болады

24.09.2026, 17:03

AGRON: Қазақстанда арнайы техниканы тапсырыспен құрастыратын «виртуалды зауыт» іске қосылды

02.09.2026, 17:34

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

БІЗ ТУРАЛЫ

TURA18.KZ — тәуелсіз, бейтарап әрі заманауи көзқарасты ұстанатын қоғамдық-саяси платформа. Негізгі мақсат — қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік, саяси және құқықтық процестерге терең талдау жасап, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосу, мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Семей қаласы, 071400, Қабанбай батыр көшесі, 102

Телефон: +7 707 913 6784 (WhatsApp)

Email: info@tura18.kz

TURA18.KZ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Бізге жазылыңыздар

Яндекс.Метрика
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Билік және қоғам
  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Құқық пен әділет
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Медицина
  • Спорт
  • Өнер мен мәдениет
  • Туризм
  • Фоторепортаж
  • Бейнемедиа
  • KZ
  • RU

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған