Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында жасөспірімдер арасында дәстүрлі садақ атудан Семей қаласының ашық турнирі өтті. Мергендер сайысында Көкпекті ауданының қос садақшысы жүлделі бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Tura18.kz.
Турнирге 13-17 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар қатысты. Жарыс бағдарламасына сәйкес, жекелей сынға түскендер Орта Азия нысанасы бойынша «кім мықтыны» анықтап, жеңімпаздарға Маңғыстау облысында жалауы желбірейтін республикалық турнирге жолдама берілді.
Аса тартысты жағдайда өткен дүбірлі дода нәтижесінде Көкпекті ауданынан барған Дарын Даутов ұлдар арасында бірінші орынды жеңіп алса, Дильназ Даутова қыздар арасында топ жарып, чемпион атанды.


















