Алакөлде тағы бір қайғылы жағдай болды, достарымен бірге шомылып жүрген жасөспірім көптің көз алдында суға батып кетті, деп хабарлайды Tura18.kz.
Алдын ала жария болған деректерге сәйкес, 17 жастағы ұл қауіпсіздік киімін кимей қайықтан суға секірген және қайта шыға алмай қалған. Қасындағы достары мен туыстары оған көмектесе алмаған. Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 32 жастағы қайық иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол адам өліміне әкеп соққан немқұрайлығы үшін жауапқа тартылуы мүмкін.
Полицияның мәліметінше, оқыс оқиға шомылуға рұқсат етілмеген жерде, жағадан шамамен 500 метр қашықта болған.
Қазіргі уақытта қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады Абай облысының полиция департаменті.

















