Павлодар облысының Баянауыл ауданында өткен ақын, сазгер Жаяу Мұса Байжанұлының 190 жылдық мерейтойында Көкпектінің тұлпары бәйгелі болды, деп хабарлайды Tura18.kz.
Республиканың түкпір-түкпірінен кіл жүйріктер қатысқан аламанда топ жарған «Толағай» атты сәйгүліктің иесі – Ажы ауылының тумасы Қайрат Кенжебаев. Ал ат пен шабандозды баптаған – Айдос Төкенов.
Жылқының нағыз жүйрігі ғана шыдас беретін аламанда алдына қара салмай келген көкпектілік сәйгүліктің иесіне бас жүдеге тігілген “Chery Tiggo 4” автокөлігінің кілті табыс етілді. Бұл жеңіс аудан халқының абыройын асырып, мерейін үстем етті.

















