• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
07.10.2026, 03:27
TURA18.KZ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
KZ | RU
  • Билік және қоғам
    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ “КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ҚОСЫЛДЫ

    Информация о конкурсе присуждения Премий для НПО

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Басқа
    • Медицина
    • Спорт
    • Өнер мен мәдениет
    • Құқық пен әділет
    • Туризм
    • Фоторепортаж
    • Бейнемедиа

Мұқаба Жаңалықтар Аймақ тынысы

Абайлық оқушы El Umiti жобасында топ жарып, 2 млн теңге жеңіп алды

Redaktor
29.08.2025, 11:19
Аймақ тынысы, Білім, Жаңалықтар
Фото: Абай облысының әкімдігі

Фото: Абай облысының әкімдігі

11
қаралым
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

Елордада 15–17 жас аралығындағы еліміздің әр аймағынан келген талантты жасөспірімдер қатысқан ең беделді жобалардың бірі — «El Umiti» премиясының финалдық кезеңі өтті. Биыл байқауға 500-ге жуық өтінім келіп түскен. Қатаң іріктеуден өткен 21 жас дарын шешуші кезеңде бақ сынады, деп хабарлайды Tura18.kz.

Қатысушыларға берілген негізгі тапсырма — қоғамда жиі кездесетін әлеуметтік мәселелерді қысқаметражды фильм арқылы сипаттап, оны шешудің жаңа әрі тиімді жолдарын ұсыну болды. Осы кезеңде Абай облысындағы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің 11-сынып оқушысы Алишер Әділхан «Гаджетке тәуелділік» тақырыбында 5 минуттан асатын туындысын ұсынып, байқаудың І орнын жеңіп алды.

Фильм небәрі бір апта ішінде түсірілген. Қазақ тілінде дайындалған жобаға ағылшын тіліндегі субтитрлер де қосылған. Автордың айтуынша, әлеуметтік желілерде ұзақ уақыт өткізу адамның зейінін төмендетіп, шынайы өмірмен байланысын әлсіретеді. Осы ойды нақты әрі әсерлі жеткізгені үшін Алишердің жұмысы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, 2 миллион теңге көлеміндегі бас жүлдемен марапатталды.

Алишер алдағы уақытта жобасын кеңейтіп, ата-аналардың да гаджетке тәуелділігін көрсете отырып, олардың бұл әдеті балалардың мінез-құлқына қалай ықпал ететінін ашып көрсетуді жоспарлап отыр. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегенді басшылыққа ала отырып, отбасындағы тәрбие мен үлгінің маңызын фильмде бейнелеуді көздейді.

Бұл жеңіс – Абай өңірі жастарының білім мен шығармашылықтағы әлеуетінің айқын көрінісі. Айта кетерлігі, дәл осы байқауда былтыр да аталмыш лицейдің оқушылары топ жарып, бас жүлдені иеленген болатын. Сәйкесінше, өңір жастары қатарынан екінші жыл үздіктер қатарында аталып отыр.

«El Umiti» Премиясы – жасөспірімдердің әлеуетін арттыруға бағытталған «El Umiti» Корпоративтік қорының бастамасымен жүзеге асатын ерекше жоба. Бұл платформа жастарға білім, спорт, еріктілік, қоршаған ортаны қорғау мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында өзін-өзі дамытуға жол ашады.

Тегтер: Абай облысыбілімЕл үмітіпремия

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды
Аймақ тынысы

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты
Аймақ тынысы

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады
Билік және қоғам

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?
Аймақ тынысы

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар
Аймақ тынысы

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00
Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?
Аймақ тынысы

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

30.09.2026, 11:49

Ауызсудың сапасы қалай бақыланады: оған қойылатын талаптар қандай?

30.09.2026, 11:33

Семейде жаңа Smart City орталығы пайда болады

24.09.2026, 17:03

AGRON: Қазақстанда арнайы техниканы тапсырыспен құрастыратын «виртуалды зауыт» іске қосылды

02.09.2026, 17:34

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

БІЗ ТУРАЛЫ

TURA18.KZ — тәуелсіз, бейтарап әрі заманауи көзқарасты ұстанатын қоғамдық-саяси платформа. Негізгі мақсат — қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік, саяси және құқықтық процестерге терең талдау жасап, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосу, мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Семей қаласы, 071400, Қабанбай батыр көшесі, 102

Телефон: +7 707 913 6784 (WhatsApp)

Email: info@tura18.kz

TURA18.KZ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Бізге жазылыңыздар

Яндекс.Метрика
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Билік және қоғам
  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Құқық пен әділет
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Медицина
  • Спорт
  • Өнер мен мәдениет
  • Туризм
  • Фоторепортаж
  • Бейнемедиа
  • KZ
  • RU

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған