Қала әкімі Әділет Қожанбаев сайлауалды бағдарламасын орындауға кірісті. Ол тұрғындар көтерген мәселелерді кезең-кезеңмен біртіндеп шешуді бастады, деп хабарлайды Tura18.kz.
Әкімнің айтуынша, бүгінде апаттық жағдайда деп танылған ағаштарды кесу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар қаланың шеткі аймақтары – Жоламан, Кирпичный, 8 км және Шығыс кентіндегі сапасы нашар жолдар тегістеліп, қиыршық тас төгіліп жатыр.
Барлық өзекті мәселелерді келер жылдың жоспарына енгіздік. Әрқайсын кезең-кезеңімен жүзеге асырамыз, – деді шаһар басшысы журналистермен болған баспасөз мәслихатында.

















