Бүгін Көкпектіде тұңғыш рет аудан әкімін сайлау өтіп жатыр. Кандидат ретінде төрт адам тіркелген, деп хабарлайды Tura18.kz.
Атап айтқанда, Amanat партиясынан саяси додаға Нұрбек Қошқарбаев түссе, Ахмет Аққазин, Айнұр Сұлтанова және Дулат Оспанов өзін-өзі ұсынды. Бұл төрт кандидаттың бірі Дулат Оспанов сайлау күні таяғанда жарыс жолынан белгісіз себептермен шығып қалды. Сөйтіп бұл сайлаудың бюллетенінде үш кандидаттың есімі жазылды.
Ауылдық округтерде тұрғындардың белсенділігі жоғары болды. Демалысқа қарамастан таңғы 07.00-де сайлау учаскелері ашыла салысымен жұрт таңдау жасауға асықты. Ал аудан орталығы Көкпекті ауылында дауыс берушілердің белсенділігі — орташа.

Ауданда барлығы 27 сайлау учакесі жұмыс істеп тұрғанын айта кету керек.

















