Аталмыш жоба 13-23 тамыз күндері Мақаншы ауданының Келдімұрат ауылында өтеді, деп хабарлайды Tura18.kz.
Оның аясында қалада туып өскен жастар ауылдың тыныс-тіршілігімен танысып, ұйымдастырушылар берген тапсырмаларды орындайды.
Ұлдар бау-бақша баптау, шөп шабу, қора-жайды күтіп ұстау, мал бағу, қой сою, су тасу сынды тапсырмаларды орындаса, қыздар самаурын қайнату, дастархан жаю, сиыр сауу, май шайқау, кілегей тарту, салат жасау сынды жұмыстарды атқарады.
Жобаға қатысу үшін wa.me/77074791928 осы сілтеме арқылы WhatsApp нөмеріне өтінім беруге болады.
Қатысушылардың қауіпсіздігі, тамақтану мен жол шығындары және жатын орындары ұйымдастырушылар тарапынан өтеледі.
Айта кетейік, «240 сағат ауылда» жобасы 2019 жылы пилоттық форматта Көкентау ауылында ұйымдастырылған. Былтыр бұл жоба Үржар ауданының Таскескен ауылында өтті.

















