• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
08.10.2026, 04:11
TURA18.KZ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
KZ | RU
  • Билік және қоғам
    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ “КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ҚОСЫЛДЫ

    Информация о конкурсе присуждения Премий для НПО

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Басқа
    • Медицина
    • Спорт
    • Өнер мен мәдениет
    • Құқық пен әділет
    • Туризм
    • Фоторепортаж
    • Бейнемедиа

Мұқаба Жаңалықтар Аймақ тынысы

Бесқарағайда бірқатар әлеуметтік жоба іске асырылып жатыр

Redaktor
06.07.2025, 10:36
Аймақ тынысы, Жаңалықтар
Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

0
қаралым
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

Абай облысының әкімі Берік Уәли жұмыс сапарымен Бесқарағай ауданында болып, бірқатар нысанды аралап, жергілікті жерде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сонымен қатар, тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды Tura18.kz.

Сапалы жол, таза ауызсу

Облыс әкімі Бесқарағай ауданының орталығы Бесқарағай ауылында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жоспарлар туралы халыққа есеп берді. Алдымен аудан әкімі Нұрбек Қошқарбаев Бесқарағай ауданының 2024-2025 жылдардағы даму көрсеткіштері жөнінде баяндама жасады. Одан кейін аймақ басшысы облыстың барлық аудандарын аралап шыққанын, шалғай ауылдар мен бұрынғы аудан орталықтарының жағдайымен тікелей танысқанын атап өтті. Ауыл инфрақұрылымын жетілдіру, халықты сапалы жол, ауызсу және медициналық қызметпен қамтамасыз ету, ескірген білім және мәдениет нысандарын жаңарту басты назарда екенін жеткізді.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен даму перспективаларына тиісті талдау жасадық. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндадым. Президент өңірдегі қордаланған мәселелерді Үкіметпен бірлесіп шешу жөнінде арнайы тапсырма берген болатын. Үкіметпен бірге Абай облысын қарқынды дамытудың жолдарын қарастырып, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешуді қолға алып жатырмыз, – деді Берік Уәли.

Аймақ басшысы Бесқарағай ауданындағы әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым жобаларына тоқталды. Глуховка, Жыланды, Мостик, Баскөл және басқа да елді мекендерде ауыз су желілерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Аудан бойынша тозу деңгейі 77,7 пайыз болатын 39 шақырым су желісін ауыстыруға 5,1 млрд теңге бөлінген.

Жол жөндеу жұмыстары да қарқынды жүруде. Биыл аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге 974,7 млн теңге қарастырылған. Сонымен қатар, ауданда тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында 30 отбасыға арналған үйлердің құрылысы жүргізілуде.

Бассейн, клуб, медициналық пункт

Білім саласында 9 мектепке жөндеу, екі мектептің шатырын күрделі жөндеу, бес пәндік кабинет пен үш мектепке автобус сатып алу жоспарланған. Медициналық қызмет сапасын арттыру үшін аудандық аурухана ғимаратының шатыры мен үшінші қабатына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл мақсатқа 100 млн теңге, медициналық техника сатып алуға 82,9 млн теңге қарастырылған. Сонымен қатар, Канонерка ауылында дәрігерлік амбулатория, Беген және Бозтал ауылдарында жаңа медициналық пункттер салу көзделіп отыр.

Мәдениет пен спорт саласы да назардан тыс қалған жоқ. Бесқарағай ауылында жүзу бассейні, Ерназар ауылында спорт модулі, сондай-ақ Глуховка, Беген және Ерназар ауылдарында 100 орындық клуб үйлері салынып жатыр.

«Бесқарағай – тоғыз жолдың торабында орналасқан, аграрлық және туристік әлеуеті зор аудан. Бұған дейін де бірнеше рет жұмыс сапарымен келіп, түрлі әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысқанмын. Бұл жолы да нақты мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын қарастырып отырмыз», – деді аймақ басшысы.

Спорт мектебіне күрделі жөндеу қажет

Сапар барысында облыс әкімі Бесқарағай ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде болды. 1978 жылы салынған ғимаратта қазіргі таңда 10 адам жұмыс істейді, 82 бала еркін және қазақ күресімен айналысады. Мектепте әлі күнге дейін күрделі жөндеу жүргізілмеген. Жылыту жүйесі, терезелер, еден жабындылары мен санитарлық-техникалық құрылғыларды жаңарту қажет. Жөндеу жұмыстарына арналған жобалық-сметалық құжаттама дайындалған. Әкім нысанды аралап, толық жаңғыртуға қолдау көрсетілетінін айтты.

Өзекті мәселелер назарда

Берік Уәли аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Азаматтар ауыз су, жол, көше жарығы мен спорт нысандарының құрылысы мәселелерін көтерді. Атап айтқанда, Кривинка, Мостик ауылдарына су тарту, Канонерка мен Белокаменка бағытындағы жолдарды жөндеу, Долон және Канонерка ауылдарындағы көшелерді жарықтандыру, Қоянбай ауылына спорт модулі салу сынды ұсыныстар айтылды. Әкім бұл мәселелердің барлығын бақылауға алып, жауапты басқармаларға тапсырма берді.

Жолдың жағдайы

Облыс басшысы «Белокаменка–Қара Мырза–Канонерка» бағытындағы 17 шақырымдық жолдың жай-күйімен танысты. Жолмен екі ауылдың халқы қатынап, оқушылар тасымалданады. Қазіргі таңда жолдың жағдайы нашар, жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, өтінім берілген.

Бірегей кешеннің жұмысы

Сапар аясында Берік Уәли Канонерка ауылындағы «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватының филиалындағы орман тұқымбағы мен орман тұқым станциясының жұмысымен танысты. Кешеннің жалпы аумағы 20,4 гектарды құрайды. Оның ішінде 17,1 гектар – ашық көшет алаңы, 3,3 гектар – жылыжайлар мен өндірістік ғимараттар. Бұл нысан – Орталық Азиядағы жалғыз автоматтандырылған орман шаруашылығы кешені.

Жыл сайын кешенде 3 миллионға дейін қарағай көшеті өсіріледі. Биыл 1-ші айналымда 1,46 млн, 2-ші айналымда 1,6 млн көшет алынып, ашық алаңға шығарылып отырғызылған. Көшеттердің өміршеңдігін арттыру үшін жабық тамыр жүйесі қолданылады. Биыл қосымша 3,6 гектарға қарағай тұқымы егілген.

Кешеннің директоры Дәулет Байболатовтың айтуынша, болашақта Озерки ауылында жылына 6 млн түп көшет өсіретін жаңа тұқымбақ салу жоспарлануда. Облыс әкімі бұл бағыттағы жұмыстарға қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Әмір Бек

Тегтер: Tura18Абай облысыБесқарағай ауданыөңірлік даму

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды
Аймақ тынысы

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты
Аймақ тынысы

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады
Билік және қоғам

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?
Аймақ тынысы

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар
Аймақ тынысы

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00
Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?
Аймақ тынысы

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

30.09.2026, 11:49

Ауызсудың сапасы қалай бақыланады: оған қойылатын талаптар қандай?

30.09.2026, 11:33

Семейде жаңа Smart City орталығы пайда болады

24.09.2026, 17:03

AGRON: Қазақстанда арнайы техниканы тапсырыспен құрастыратын «виртуалды зауыт» іске қосылды

02.09.2026, 17:34

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

БІЗ ТУРАЛЫ

TURA18.KZ — тәуелсіз, бейтарап әрі заманауи көзқарасты ұстанатын қоғамдық-саяси платформа. Негізгі мақсат — қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік, саяси және құқықтық процестерге терең талдау жасап, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосу, мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Семей қаласы, 071400, Қабанбай батыр көшесі, 102

Телефон: +7 707 913 6784 (WhatsApp)

Email: info@tura18.kz

TURA18.KZ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Бізге жазылыңыздар

Яндекс.Метрика
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Билік және қоғам
  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Құқық пен әділет
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Медицина
  • Спорт
  • Өнер мен мәдениет
  • Туризм
  • Фоторепортаж
  • Бейнемедиа
  • KZ
  • RU

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған