Абай облысының әкімі Берік Уәлидің айтуынша, жыл басынан бері іске асырылып жатқан жобалар саны 29-дан 97-ге дейін, ал тартылатын инвестициялар көлемі 2,2 трлн теңгеден 3,5 трлн теңгеге дейін өсті. Олардың ішінде, 50 жоба Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға енгізілген, деп хабарлайды Tura18.kz.
Ірі инвестициялық жобалардың бірі – көлемі 577,5 млрд теңгені құрайтын жалпы ұзындығы – 297,5 км «Аягөз – Бақты» теміржол желісінің құрылысы. Қазіргі уақытта 10,5 мың гектар жер учаскесі резервке қойылған. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі бекітілді, 2023 жылы іске асырыла бастады. Жобаға 30 млрд теңге инвестиция салынды. Нысанды 2027 жылдың желтоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр, — деді өңір басшысы.
Биыл жалпы сомасы 25,9 млрд теңгеге 14 жобаны іске асыру жоспарланған.

















