• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
06.10.2026, 19:31
TURA18.KZ
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
KZ | RU
  • Билік және қоғам
    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

    ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ “КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ҚОСЫЛДЫ

    Информация о конкурсе присуждения Премий для НПО

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Басқа
    • Медицина
    • Спорт
    • Өнер мен мәдениет
    • Құқық пен әділет
    • Туризм
    • Фоторепортаж
    • Бейнемедиа

Мұқаба Жаңалықтар Аймақ тынысы

Абай облысының кадрлық қажеттілік картасы жасалады

Redaktor
10.12.2025, 17:00
Аймақ тынысы, Білім, Жаңалықтар
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

11
қаралым
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

Шәкәрім университетінде Абай облысының кадрлық қажеттілігінің өңірлік картасын әзірлеуге арналған форсайт-сессия өтті. Бұл маңызды басқосу Мемлекет басшысының «Жаңа кәсіптер мен дағдылар атласын әзірлеу» жөніндегі тапсырмасына және «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында берілген міндеттерге сай ұйымдастырылып отыр. Іс-шараның негізгі мақсаты – өңірдің еңбек нарығындағы нақты сұранысты анықтап, кадр даярлау жүйесін жаңа экономикалық талаптарға бейімдеу, деп хабарлайды Tura18.kz порталы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Форсайт-сессия барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек кәсіби кадрларды даярлаудың тиімді жүйесін қалыптастыру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында адами капиталды дамыту, білім беру жүйесін жаңғырту және кәсіптік білімнің практикалық бағытын күшейтуді негізгі міндет ретінде белгілеген болатын. Осыған орай 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл кадрлық саясат мәселелерінің ел экономикасының тұрақты дамуы үшін өзекті екенін көрсетеді, – деді министр өз сөзінде.

Сондай-ақ ол 2022 жылдан бері «Мамандығым – болашағым» жобасы аясында 24 саланы қамтитын 9 өңірлік карта әзірленгенін, 100 мыңнан астам оқушы кәсіби бағдарлау диагностикасынан өткенін, 290 білім беру бағдарламасы пысықталғанын жеткізді. Бұл бастамалар білім беру мен еңбек нарығы арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге арналады.

Shakarim University-дің стратегия және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Асқар Қасымов елімізде 9 өңір бойынша жаңа кәсіптер атласы дайындалғанын баяндады. Ол қазіргі цифрландыру дәуірінде барлық мамандықтардың жаңғыратынын, жаңа дағдыларды талап ететінін тілге тиек етіп:

Біз өңірге қажет жаңа мамандықтар картасын әзірлейтін боламыз. Кадр даярлау жүйесі заман өзгерісіне ілесуге тиіс, – деді.

Форсайт-сессия жиынында Абай облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Вилена Жакупбаева өңірлік кадрлық қажеттілік картасын әзірлеудің маңызына тоқталды. Ол аталған карта білім беру ұйымдарына жаңа бағдар беріп, жұмыс берушілердің сұранысын нақты айқындауға мүмкіндік туғызатынын айтты.

Ал Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы «Мамандығым – болашағым» кеңсесінің басшысы Олжас Сәкенов жобаның мәні мен міндеттерін жан-жақты түсіндірді. Оның айтуынша, жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласын дайындау өңірлер арасындағы экономикалық теңгерімсіздікті азайтуға, еңбек нарығы мен білім беру туралы ақпаратқа қолжетімділікті жақсартуға, аймақтардағы еңбек өнімділігі мен халық табысын арттыруға бағытталған.

Сессияға қатысушылар Абай облысының экономикалық құрылымындағы негізгі салалар бойынша трендтерді, қауіптер мен мүмкіндіктерді талқылады. Қатысушылар өңірде сұранысы артып келе жатқан жаңа кәсіптер мен түрленген мамандықтарды айқындап, келешекке қажетті кадр саясатының жобасын қалыптастырады.

Форсайт-сессия – өңірдің еңбек нарығына серпін беріп, болашақ мамандарды даярлауға жаңа бағдар ұсынатын маңызды іс-шара. Іс-шара қорытындысы ретінде Абай облысының өңірлік кадрлық қажеттілігінің нақты картасы әзірленеді. Бұл карта облыстың экономикалық және әлеуметтік даму стратегиясын ғылыми негізбен қамтамасыз етіп, білім беру ұйымдары, кәсіпорындар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы байланысты нығайтады.

Тегтер: Tura18Абай облысыбілімғылым және жоғары білім министрлігі

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды
Аймақ тынысы

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты
Аймақ тынысы

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады
Билік және қоғам

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?
Аймақ тынысы

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар
Аймақ тынысы

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00
Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?
Аймақ тынысы

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

Ботулизмнен қалай сақтануға болады: күмәнді консервінің қаупі неде?

30.09.2026, 12:07

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – маңызды бағыт

30.09.2026, 11:49

Ауызсудың сапасы қалай бақыланады: оған қойылатын талаптар қандай?

30.09.2026, 11:33

Семейде жаңа Smart City орталығы пайда болады

24.09.2026, 17:03

AGRON: Қазақстанда арнайы техниканы тапсырыспен құрастыратын «виртуалды зауыт» іске қосылды

02.09.2026, 17:34

ТАНЫМАЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

Семейде арнайы аяқ киім шығаратын жаңа өндіріс іске қосылды

05.10.2026, 15:31
Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Семей әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2026, 10:03
Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

Футболдан да биік мақсат: Семей жастары жасыл алаңда бас қосты

05.10.2026, 10:50
Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

Қорғаныстың алғы шебінде кімдер тұр?

30.09.2026, 14:41
Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

Химиялық улану: күнделікті өмірдегі қауіпті заттар

30.09.2026, 14:00

БІЗ ТУРАЛЫ

TURA18.KZ — тәуелсіз, бейтарап әрі заманауи көзқарасты ұстанатын қоғамдық-саяси платформа. Негізгі мақсат — қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік, саяси және құқықтық процестерге терең талдау жасап, азаматтардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосу, мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: ҚР, Абай облысы, Семей қаласы, 071400, Қабанбай батыр көшесі, 102

Телефон: +7 707 913 6784 (WhatsApp)

Email: info@tura18.kz

TURA18.KZ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ

Бізге жазылыңыздар

Яндекс.Метрика
  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Билік және қоғам
  • Аймақ тынысы
  • Азаматтық көзқарас
  • Құқық пен әділет
  • Аудан айнасы
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Зерттеу
  • Жастар
  • Білім
  • Медицина
  • Спорт
  • Өнер мен мәдениет
  • Туризм
  • Фоторепортаж
  • Бейнемедиа
  • KZ
  • RU

© 2026. TURA18.KZ ақпараттық сайты. Барлық құқықтар қорғалған