Абай облысы денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып Бахыт Бекбосынов тағайындалды, деп хабарлайды Tura18.kz порталы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бахыт Әсенғазыұлы Бекбосынов 1988 жылы 25 мамырда Семей қаласында дүниеге келген. 2010 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын денешынықтыру және спорт мамандығы, 2013 жылы Қайнар университетін педагогика және психология мамандығы (магистратура) бойынша тәмәмдады.
Еңбек жолын 2010 жылы Құқық және бизнес колледжінде денешынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2013-2022 жылдары Семей медицина университетінің дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы, 2022-2023 жылдары Абай облысының денешынықтыру және спорт басқармасының бас маманы, 2023-2024 жылдары Абай облысының олимпиадалық спорт түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясының директоры қызметтерін атқарды.
Тағайындауға дейін ол Абай облысының денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары болды.

















